Нарық

Ұялы телефон номері бойынша төлемдер қабылданатын болады – Ақышев

  • Фото: ашық дереккөзден

    Фото: ашық дереккөзден

Алдағы уақытта ұялы телефон номері арқылы барлық төлем түрлері қабылданатын болады. Бұл туралы бүгін Астана қаласында Үкіметтің отырысында «Қаржы секторын цифрландырудың кейбір мәселелері туралы» сөйлеген сөзінде ҚР Ұлттық банк т-рағасы Данияр Ақышев айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


Атап айтқанда, ол, клиентті қашықтықтан сәйкестендіру тетігі сияқты шараны енгізу қаржы мекемелеріне жеке өзі бармай, клиенттерді қашықтықтан сәйкестендіруді қамтамасыз етуге бағытталған деп атап өтті.


«Бүгінгі күні ішкі істер, әділет, ақпарат және коммуникациялар министрліктерімен бірлесіп мемлекеттік дерекқордан биометрикалық көрсеткіштерді және мәліметтерді пайдалана отырып клиенттерді онлайн сәйкестендіру мәселелері пысықталуда», - деді Д.Ақышев.


Оның айтуынша, онлайн-сақтандыруды енгізу жобасы халыққа міндетті сақтандыру шарттарын сақтандыру компанияларының интернет - ресурстары арқылы электрондық нысанда жасасуға мүмкіндік береді.


«Сол сияқты Қазақстан Ұлттық Банкі жанынан лезде (жылдам) төлемдерге арналған инфрақұрылымды ұйымдастыру бойынша жүйе платформасы құрылады. Ол банктердің клиенттері арасында жылдам режимде мобильдік телефон нөмірі бойынша төлемдерді жүргізуді қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде жүйенің функционалы пысықталу үстінде, пилоттық режимде оны іске қосу ағымдағы жылдың 3-тоқсанының соңына жоспарланып отыр», - деді Ұлттық банктің басшысы.


Ол қазіргі кезде Қазақстан Ұлттық Банкінің цифрлық ортада кибершабуылдар мен алаяқтық іс-қимылдарға қарсы тиімді әрекет ету үшін жүйелі шараларды пысықтап жатқанын қоса айтты.


«Сонымен қатар Ұлттық банк жаңа технологиялар мен шешімдерді ендіру, яғни «реттеу ортасын» құру үшін ерекше құқықтық реттеу режимін қолдану мүмкіндігін қарастыруда. Аталған жобаларды ендіру қаржы секторында цифрлық сервистерді дамыту үшін негіз болады», - деп қорытындылады Д.Ақышев.

 




Көрілген: 498    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.07.2018, 12:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30