Нарық

Йогурттың құрамын зерттеген қазақстандық мамандар жағасын ұстады

  • © Sputnik / Варвара Гертье

    © Sputnik / Варвара Гертье

Йогурттың құрамында қант шамадан тыс көп. Әрі концентранттар аямай қосылады. Қазақстанның тағамтанушылары осылай деп дабыл қағуда. Мұны арнайы жүргізілген зерттеу анықтапты.


Дүкендерде йогурттың түр-түрі cамсап тұр. Оны әсіресе балалар сүйсіне жейді. Ата-аналар да кішкентайларға қытырлақ картоп пен газдалған сусындардан гөрі йогурт алып беру пайдалырақ деген сенімде. Тіпті, йогуртқа ересектер де құмар. Әсіресе диета сақтайтындар көптеп сатып алады. Сөйтсек, оның пайдасынан гөрі зияны көп екен. Қант диабетіне әкелуі мүмкін, деп жазды КТК.


"Қазіргі уақытта қантсыз шығарылатын йогурттар жоқтың қасы. Сүт тағамдарын соңғы уақытта өзіміз бүлдіріп алдық. Одан жасалатын айран, йогуртқа қант қосуды үйрендік. Оның зияны соншалықты, мысалы адамның организіміндегі сүйекке, ас қорытуға керекті кальций деген элементті жеп қояды", — дейді Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов.


Мамандар жылдап мұздатқышта тұрса да бұзылмайтын осы сүт өнімінен тұтынбауға шақырады. Сақталу мерзімі де бір жылға дейін екендігі сыртында жазулы. Балаларға оның тәтті емес әрі майы аздауын алған жөн екендігін айтуда. Ал, сүт өнімімімен шығарушылар бұл пікірмен келіспейді.


"Біз халықтың сұранысына байланысты екі түрлі йогурт жасаймыз. Біріншісі стандарты, қант қосылған. Себебі оны балалар тәтті болғаны үшін жақсы көреді. Сол үшін рецептураға сәйкес қант қосамыз. Екіншісі табиғи қантсыз. Халықаралық тағам қауіпсіздік стандарттары қолданылады. Соған байланысты тек рецеаптура бойынша рұқсат етілген нормалармен дайындаймыз", — деп түсіндірді технолог Әсел Өскенбай.


Ал дәрігерлер бұл өнім диабетінен бөлек, тіс ауруларына да әкеп соқтыратынын айтады.


Тағамтанушылар да йогуртты алмас бұрын оның қандай сүттен жасалғанын және құрамындаға қанттың мөлшеріне мән беруді сұрайды


 Sputnik




Көрілген: 314    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.10.2018, 19:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31