Нарық

Заңсыз құрылыстар қағаз жүзінде ғана қиратыла ма?

  • Заңсыз құрылыстар қағаз жүзінде ғана қиратыла ма?

    Заңсыз құрылыстар қағаз жүзінде ғана қиратыла ма?

«Алматыда қарапайым азамат үшін жер сатып алу мүмкін емес. Себебі жер телімінің бағасы өте қымбат. Сондықтан біз ешкімнің рұқсатынсыз, өз бетімізше асхана салып алуға мәжбүр болдық. Егер бұлай жасамасақ, қалай күн көреміз?!». Бұл Алматыда рұқсатсыз жерді басып алып, құрылыс жүргізіп, ешбір заңға бас ұрмай, саудасын істеп жатқан бір ғана азаматтың сөзі.

Қазіргі күні қаламызда мұн­дай «заңсыз кәсіпкерлердің» қа­тары өсе түсуде. Ал сот орын­­даушыларының оларды ауыздықтауға мұршасы келмей тұр. Заңсыз құрылыстарды анықтап, олардың қожайындарын сотпен жауапкершілікке тартудың кемі жоқ. Бірақ кеше Алматының ең сәулетті делінетін ауданы – Медеуде қалалық әкімдік мамандарымен бірге жүргізілген арнайы рейд барысында бас жоспардан тыс салынған нысандардың неше жылдан бері сол күйі міз бақпай тұрғанына көз жетті.

Соңғы жылдары Алматыда қыз­мет көрсету орындары жылдам қарқынмен дамып келеді. Халық үшін бұл өте ыңғайлы, әрине. Де­генмен мамандар олар­дың кей­бі­реулерінің заңсыз са­лын­ған­ды­ғын, ешбір тәртіпке мойын бұр­май, сыбайластық арқылы қызмет етіп отырғандығын айтады. Сөзіміз дә­лелді болу үшін деректерге көз жүгіртіп көрейік, ағымдағы жы­лы Алматы қаласында заңсыз са­лынған 100-ге тарта құрылыс нысан­дары анықталды.

Бұл сан өткен жылғымен салыстарғанда ана­ғұрлым жоғары. Яғни азаматтар қала­ның адам көп жүретін аймақтарында жер телімдерін өз беттерінше иемденіп, қалаған құры­лыстарын жүргізуде. Бұлар негізінен сауда, демалыс, қызмет көрсету орындары екен. Ал оларды ауыздықтау әзірге мүмкін болмай отыр. Қалалық сәулет және құры­лыс басқармасының мамандары апта сайын қалада заңсыз салынған құры­лыс­тарды анықтау мақсатында шара өткізеді. Анықталған заңсыздыққа қатысты хаттама толтырып, оны сотқа жолдайды. Ал сот шы­ғарған шешімді орындауға сот орын­дау­шылары құлықсыз болып отыр. Бұлай дейтін себебіміз, аталған 100-ге тарта құрылыс нысанын қиратуға қатысты шешім шығарғанымен, бүгінгі күнге дейін олар­дың бар болғаны сегізі ғана жарамсыз етілді. Көріп отырғаныңыздай, сот орын­даушыларының салғырттығынан заң­сыз­дық­ты ауыздықтау мүмкін болмай отыр.

Әрине, мұндай құрылыс нысандарын қаланың кез келген бөлігінен кездестіруге болады. Мәселен, әл-Фараби мен Мең­діқұлов көшесінің қиылысында халыққа үнемі қызмет көрсетіп келе жатқан, аймаққа белгілі болып қалған «Менд-ай» деген кафе бар. Халық мұнда үнемі топыр­лап келгенімен, оның заңсыз салынғанын білмейді. Ешқандай қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін, еш жерде тіркеуі жоқ асханада ертең бір қайғылы жағдай болса, оған кім жауап береді? Әрине, мұндайда меншік иесі де, сот орындаушылары да жауаптан тайқып шығады. Негізінен, бұл кафені жарамсыз ету туралы соттың шешімі 2009 жылдың желтоқсан айында шыққан екен. 2010 жылдың қаңтар айында оны өзгеріссіз қалдыру туралы тағы шешім қабылданды. Дегенмен меншік иелері, не сот орындаушылары кафені бұзуға асығар емес. Бұл тек бір ғана мысал. Мамандардың айтуынша, қалада сот шешімі екі жыл бұрын шықса да қызмет етіп келе жатқан мекемелер бар. Сондай-ақ мұндай заңсыз­дықтың орын алуына сот қызметі де күмән тудырады. Қалай дейсіз бе? Сот ең әуелі жоғарыда айтқан 100-ге тарта құрылыс нысанын қиратуға жеке-жеке шешім шыға­рады. Бірақ кейіннен он нысанға қатысты шешім қайта өзгертіледі. Сонда жарамсыз болып табылған құрылыс нысаны қалайша аяқ астынан жарамды болып қалады? Қыс­қасын айтқанда, қазіргі уақытта қалада құ­қық қорғау қызметтерінің салғырт­ты­ғы­нан заңсыз құрылыстар қаптап келеді. Ал олардың қаншалықты қауіпті екенін, тұрғындарға қаншалықты зиян келтіріп жатқанын ойлайтын әзірге ешкім жоқ.

Әлібек ТӨЛБАСИЕВ, Алматы қаласы сәу­лет және құрылыс басқармасының ма­ма­ны:

–    Біз Алматыда апта сайын заңсыз құ­ры­лыстарды анықтау мақсатында рейдке шығамыз. Әр аптада қала бойын­ша 3-4 заңсыз құрылыс нысан­дары анықталады. Олар – негізінен, әлеуметтік қызмет көрсету орындары. Әсіресе мұндай құрылыстарды сауда орындарының маңынан кездестіруге болады. Оларға қатысты біз хаттама толтырып, сотқа жібереміз, дегенмен сот орындаушылары шешімді орын­дау­ға бейілсіз.




Көрілген: 1091    Пікірлер: 0

сенбі, 06.11.2010, 14:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31