Нарық

Зейнетақы қаражатын шетел асырған кәсіпкердің Лондонда 6 элиталы үйі бар екені анықталған - БЖЗҚ

  • Лондон.  © DlyaKota.Ru

    Лондон. © DlyaKota.Ru

Қазақстандықтардың зейнетақы қаражатын шетел асырған ірі кәсіпкер Мақсат Әріптің Лондонда 6 элиталы үйі бар екені анықталды.


Бұл туралы Алматыда ұйымдастырылған баспасөз маслихатында Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының заң бойынша департамент директоры Назым Бақтыбаев мәлімдеді.


Оның сөзіне сүйенсек, жылжымайтын мүліктер 25 миллион АҚШ долларына бағаланып отыр. Үйлер кипрлік компанияға тиесілі, ал ол Мақсат Әріптің енесінің атына жазылған.


Зейнетақы қорының өтінішімен 6 үй де лондондық соттың шешімімен ішінара бұғаттауға алынған.


Назым Бақтыбаев, «БЖЗҚ» АҚ заң департаментінің директоры:


- Құны 25 миллион АҚШ долларын құрайтын Лондонда 6 элиталы баспананы анықтадық. Бірақ бұл мүлікке қатысты соңғы сот отырысы осы жылдың 31-ші қазанына белгіленіп отыр. Сол кезде бұл үйлердің нақты кімге тиесілі екендігі белгілі болады.


Ал бүгінде зейнетақы қорына берешегі бар 20 эмитенттің қарызы 40 миллиард теңгеден асып жығылады. Оларға соттың шешімімен 3 ай ішінде өз еркімен қайтаруға уақыт берілген. Ондай шешім 22 маусымда күшіне еніпті. Содан бері «Бузгул Аурум» ЖШС құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаев қана қарызды қайтаратынын айтқан. Бірақ әлі ешқандай ақша түспеді,- деді департамент директоры.


astanatv.kz


 




Көрілген: 1018    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.08.2018, 10:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31