Нарық

Зейнетақы қоры жеке компаниялармен соттасып жатыр: Серіктестіктер 40 миллиард теңге қарыз

  • © SN.kz

    © SN.kz

Елімізде 20-ға жуық жеке компания Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының алдындағы берешегін өтемей жүр. Серіктестестіктер қорға 40 млрд. теңгеге жуық қарыз.


Бұл туралы бүгін біздің арна тілшілеріне БЖЗҚ-ның заңгерлері айтты.


Қазір олар 15 компаниямен соттасып жатқандарын жеткізді. Соның ішінде әлеуметтік желілерде қызу талқысына түскен «Астана жылжымайтын мүлік» акционерлік қоғамы да бар. Құрылыс компаниясы зейнеткерлердің ортақ қорына 1 млрд. 700 млн. теңгені бермей келеді, дейді мамандар. Компания бұл қаражатты ертеде «Астана» және «Ұлар-Үміт» зейнетақы қорларынан алып, 2011 жылдан бері төлеуді доғарған. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мұраға қалған қомақты сомманы сот арқылы жеңіп алған. Енді онымен сот орындаушылары айналысуда деді.


Назым БАҚТЫБАЕВ, «БЖЗҚ» АҚ ЗАҢ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:


- Бұл компанияның қарызды өтеп тасауға жетерлік дүние-мүлкі жеткілікті. Олар қазір саудаға шығарылған. Бірақ сатып алушылар тарапынан қызығушылық жоқ. Сонымен тоқтап тұр. Қосшы елді мекені мен Бурабайда, сондай-ақ Алматыда жер учаскелері, пәтерлері, коттедж қалашықтарында зәулім үйлері бар. Осыларды сатып, қаржыны қайтаруға талпынып жатырмыз.


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2014 жылдан бері осындай әдіспен 17 млрд. теңгені өндіріп алыпты. Енді барлығы 20 кәсіпорыннан 37,5 млрд. теңге қайтатырлуы тиіс. Бұл шамамен БЗЖҚ портфеліндегі барлық қаражаттың 0.5 пайызына тең. Қазір қорда 8,9 трлн. теңге бар. Салымшылар үшін қандайда бір қауіп төніп тұрған жоқ,-дейді қор мамандары.  


astanatv.kz




Көрілген: 171    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.10.2018, 10:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31