Нарық

Зейнетақы қоры миллиардттаған қарызын қайтарудың жолын тапты

  • Зейнетақы қоры миллиардттаған қарызын қайтарудың жолын тапты

    Зейнетақы қоры миллиардттаған қарызын қайтарудың жолын тапты

Зейнетақы қоры жырға айналған 41 миллиардтан аса қарызын енді қылмыстық іспен қудалап қайтармақшы Бүгінде қордан алған ақшасын уақытылы бермей, жылдар бойы созып жүрген 20 компания бар. Олардың бірінің тірлігі шатқаяқтаса, енді бірі түбегейлі банкротқа ұшыраған. Ал мұндай эмитенттерден қомақты берешекті өндіріп алу қаншалықты мүмкін?

- Қарыз күліп барып, жылап қайтады. Ал зейнетақы қорының проблемалық активтері қай жолмен де қайтар емес. Алған ақшасын жылдар бойы бермей, жырға айналдырған әлі 20 берешек компания бар. Оларда жатқан қаржының жалпы соммасы 41 миллиард 150 миллионды құрайды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұл қарыздарын азаматтық тәртіпте-ақ өндіруге тырысқан. Алайда нәтижесі шамалы болды. Сондықтан, алған ақшасын қайтаруға құлықсыз компаниялардың үстінен қылмыстық іс қозғатпасқа амал қалмапты. Осыны қолға алғандары сол екен, кей эмитенттердің инвестицияларды мақсатсыз жұмсағандары әшкере бола бастапты. Назым Бақтыбаев, «БЖЗҚ» заң департаментінің директоры: - «Казнефтехим» компаниясы зейнетақы қорынан алған қаржыны өзге мақсатта жұмсаған. Біз бұл кәсіпорын басшысын қылмыстық жауапкершілікке тартқызу үшін құқық қорғау органына шағым түсірдік. Сондай-ақ, «Өрнек ХХІ» компаниясының да 2 миллиард теңгеден астам ақшаны негізсіз шашқаны анықталып отыр. Зейнетақы қорының бас қайғысына айналған эмитенттердің бірі «Қазақстан қағазы». Былтыр желтоқсанда сот шешімімен бұл кәсіпорын банкрот болған. Алайда, қордың шағымымен кәсіпорынды сауықтыру шаралары қайта жалғасқан-ды. Бір қуантарлығы, тықыр таянған «Қазақстан қағазы» Лондонда өз акционерімен соттасып, жеңіп шықты. Сөйтіп, Мақсат Әріп компанияға 315 миллион АҚШ долларын қайтаруға міндеттелген болатын. Назым Бақтыбаев, «БЖЗҚ» заң департаментінің директоры: -Бұған дейін Мақсат Әріптің 112 миллион доллары бұғатталған. Енді Лондоннан оған тиесілі болуы мүмкін 6 жылжымайтын мүлік табылды. Олардың жалпы құны 25 миллион долларды құрайды екен. Алдағы сот отырысында аталған мүліктің Мақсат Әріпке тиесілі немесе оныкі еместігі шешілетін болады. Егер нысандар расымен Әріпке тиесілі болып шықса, «Қазақстан қағазының» қор алдындағы қарызы кемиді деген сөз. Ұйымның «HOMEBROKER» компаниясына құйған инвестициясының да қайтуы қиын болып тұр. Бұл кәсіпорын 4 жыл бұрын дефолтқа ұшыраған. Оның қарызды қайтаратын не ақшасы, не мүлкі жоқ. Ал олардан қарыз алғандардың қатарында "ҚазақАлтынды басқарған әйгілі кәсіпкерлер әулеті -Асаубаевтар да болған. Бірақ, өткен жылы оның бала-шағасы сот шешімімен эмитенттің борышкерлері тізімімен аяқасты алынып тасталыпты. Енді қор бұл шешімге қатысты шағым түсіргелі жатыр. Осының бәріне қарағанда, 41 миллиардтың кері оралуы әлі біраз уақытты қажет ететін сыңайлы. 




Көрілген: 352    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.08.2018, 23:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31