Нарық

Зейнетақы қорындағы ақшаны үш жағдайда алуға болады

  • ©

    © "Айқын" газеті

Елімізде зейнет жасына жетпей зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалануға мүмкіндік бар ма? Зейнет жасына қамданғандардың шотында қанша ақша болуы тиіс?


Бұл сұрақтарға Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Аймақтық даму және клиенттер қызметінің басшысы Асхат Мұқамедов КТК арнасына берген сұхбатында жауап берді.


Оның айтуынша, қазіргі таңда мемлекет зейнет жасына жетпей зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалануға мүмкіндік береді.


"Ол үшін азаматтар мемлекеттік сақтандыру компаниясымен зейнет ануитеті шартын жасасуы керек. Онда екі талап қойылады. Ер азаматтар 55 жаста және зейнетақы қорындағы ақша 9 миллион 636 мың теңге болуы керек. Ал әйелдер 50 жаста және зейнетақы қорындағы ақша 13 миллион 746 мың теңгеге жетуі тиіс", — деді Асхат Мұқамедов.

Министрлік өкілі ерлер мен әйелдердің қорда жинайтын ақшасында айырмашылықтың болу себебін түсіндірді.


"Оған біріншіден, ең төменгі зейнетақы мөлшерінің өсуі ықпал етіп отыр, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап оның мөлшері 33 мың 745 теңгеге артты. Екінішден, статистика бойынша әйелдер ерлерге қарағанда көп өмір сүретіні анықталған", — дейді Мұқамедов.


Ол зейнетақы қорындағы ақшаны үш жағдайда алуға болатынын атап өтті.


"Бірінші жағдай, жоғарыда айтқанымдай, сақтандыру компаниясымен зейнет ануитеті шарты жасалуы керек, екіншісі, түпкілікті қоныс аударған жағдайда қордағы ақшаны толық алуға болады және үшінші жағдай, адамдар қайтыс болған жағдайда мұрагері, яғни балалары зейнетақы қорындағы ақшаны түгелдей ала алады", — деп түсіндірді ол.


Sputnik


 


 




Көрілген: 1822    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.01.2018, 11:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30