Идеялар банкі

Марат Шалабаев, инженер: Қызылордалық мамандар ойлап тапқан мұнай ұңғымаларын автоматты түрде басқару жүйесі өте тиімді

  • Марат Шалабаев, инженер: Қызылордалық мамандар ойлап тапқан мұнай ұңғымаларын автоматты түрде басқару жүйесі өте тиімді

    Марат Шалабаев, инженер: Қызылордалық мамандар ойлап тапқан мұнай ұңғымаларын автоматты түрде басқару жүйесі өте тиімді

 Қызылордалық электроинженерлер осыдан бір жыл бұрын мұнай ұңғымаларын тиімді басқаруға арналған жүйелік қондырғы ойлап тапқан. Содан бері өнертабыстары мұнай кеніштерінде сыналып, өз тиімділігін көрсетті. Енді жаппай өндіріске енгізіліп жатыр. Артық тұстары көп. Ел нарығын жоғары сапалы тауармен қамту және отандық өнім үлесін арттырушы кәсіпорынның бірі «Электро Технология» серіктестігінің мамандары 3 жылдан бері энергоүнемді қондырғыны жасау жолында еңбек етті. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының және жергілікті мұнай кеніштерінде өндірістік-тәжірибелік сынақтан өткен құрылғылар өз тиімділігін дәлелдеп шықты. Бұл туралы инженер маман марат шалабаев телеарналарға берген сұқбатында айтып берген болатын. 


Марат Шалабаев, серіктестік инженері: -Интеллектуалды жүйе болғандықтан, бәрін өзі салыстырып, кернеулік әртүрлі көрсеткіштерге байланысты бір жерде ақау болса, мысалы айналдырып тұрған насоста ақау болып тоқ көбейеді, соны өзі тоқтатып, азайтып, жылдамдықты насос айналымын, мұнайдың сорып алуын көбейтеді. Адамның қатысы жоқ. Өзі автоматты түрде жұмыс істейтін жүйелер. 54% қазақстандық материалдардан құрастырылған «ақылды жүйенің» өзіндік құны да қымбат емес. Мамандардың есептеуі бойынша жаңа құрылғы мұнай ұңғымаларының қолданысына кететін шығынды 5 млн теңгеге дейін азайтады. Сондай-ақ жөндеу жиілігін қысқартып, қара алтын өндірісін арттырады. 


Қазақстандық мұнай компаниялары өнімнің өзектілігі мен тиімділігіне көз жеткізді. Қазір кәсіпорындардан сұраныс көптеп түсіп жатыр. Қызылорда облысының өзіне жыл аяғына дейін 50 басқару жүйелік бекетін құрастырып жатырмыз. Мұнай ұңғымалары бұған дейін тәулігіне 80 кВатт электр энергиясын тұтынып келді. Ал автоматты басқару жүйесін орнатқалы бері қуат шығыны 55 кВаттқа дейін азайып отыр. Отандық электроқондырғы кеніштегі сұйықтық көлемін анықтайды және барлық апатты жағдайлардың алдын алып отырады. «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық байқауында өндірістік мақсаттағы үздік өнім атанған жоғары технологиялық жоба жуырда EXPO 2017 көрмесінде таныстырылады.


 




Көрілген: 307    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 10.08.2017, 23:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31