ҰБТ

2018 жылы ҰБТ форматы қандай болады?

  • Фото: turkystan.kz

    Фото: turkystan.kz

ЖОО-ға ақылы түрде түсудің баламалы нұсқасын енгізу арқылы сапаны төмендетіп алуымыз мүмкін. Осылай деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрлігіндегілер, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


«Ақ жол» партиясынан талапкерлерге жоғары оқу орнына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуден басқа баламалы нұсқа енгізу туралы ұсыныс жолданды. Бұл ұсыныс «Ақ жол» және «Нұр Отан» партияларының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатысуымен білім және ғылым, балалар құқығын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесте бірнеше рет қарастырылды», - деп атап өтілген министрлік мәліметінде.


Мұнымен қатар, аталған мәселе ұстаздар мен ата-аналар тарапынан талқыға салынып, нәтижесінде түрлі пікір айтылғаны да белгілі болды.


«Қоғамның көзқарасы бойынша, жоғары оқу орнына ақылы түрде түсудің баламалы нұсқасын енгізу сапаның төмендеуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты алдағы 2018 жылы ҰБТ-ның жоғары оқу орнына түсуге арналған қазіргі форматы сақталады», - делінген ведомство хабарламасында.


Естеріңізге сала кетсек, «Ақ жол» партиясы еліміздің жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсетіндер үшін ұлттық бірыңғай тестілеуді алып тастау туралы бастама көтерген болатын. 




Көрілген: 1094    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.01.2018, 12:07

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31