ҰБТ

"Алтын белгі" иегерлері үшін жаңа тізім жасаймыз - министр

  • © 24.kz

    © 24.kz

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғарғы балл жинап тұрып, оқуға түсе алмай қалған бірсыпыра талапкерлердің ата-аналарымен кездесті.


Себебі олар кеше ғана өз наразылықтарын білдірген еді. Әсіресе, медицина саласын таңдаған талапкерлер алаңдаулы. Ата-аналар бюджеттен қарастырылған білім гранттары әділетсіз бөлінген деп есептейді. Себебі, білім грантынан қағылғандардың дені – «Алтын белгі» иегерлері.


Айта кетейік, биылғы оқу жылына мемлекеттен 37 932 білім гранты бөлінген болатын. Наразы топпен кездескен министр әрбір арыз-шағым жеке қаралады деп сөз берді.


Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:


- Біз барлық арыз-шағымды жеке-жеке қарап, «Алтын белгі» иегерлері үшін жаңа тізім жасаймыз. Олардың барлығы жоғарғы оқу орындарындағы резервпен қаржыландырылады. Бірақ шағымданушылардың барлығын бірдей грантпен қамтимыз деп айта алмаймыз. Бірақ барынша жоғарғы оқу орындарының ректорларымен келісім жасауға тырысамыз.


 24.kz




Көрілген: 659    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 12.08.2017, 20:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31