ҰБТ

Білім министрлігі биылғы гранттарды бөлуге қатысты түсінік берді

  • © Sputnik / Айсулу Жумагулова

    © Sputnik / Айсулу Жумагулова

Білім және ғылым министрлігі биылғы гранттарды бөлуге қатысты қосымша түсінік берді.


"Кез келген ата-ана мен талапкер білім грантынан үмітті екені түсінікті. Биыл министрлік бакалавриат бойынша грант санын 6 мыңға өсірді. Дегенмен, таңдау барысында ескеретін жайт – әр түрлі мамандық бойынша бөлінген гранттар саны да біркелкі деңгейде емес", — дейді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлзат Көбенова.


Оның айтуынша, нәтижесінде әр мамандық бойынша білім грантын алу үшін белгілі бір деңгейде балл жинау қажет.

"Дегенмен, бұл – жаңалық емес. Былтыр да, алдыңғы жылы да осылай болған. Сол себепті талапкерлер мамандықтарға қандай бәсеке болатынын білулері үшін әр мамандық бойынша бөлінетін гранттар көлемі жыл сайын ҰБТ өткізілгенге дейін белгілі болады", — дейді Көбенова.


Мамандық таңдау талапкерлер мен олардың ата-аналарының таңдауы болып табылады. Көбіне заң ісі, қаржы ісі сынды танымал, сондай-ақ, грант саны аз бөлінген мамандықтарға сұраныс түседі. Оған қоса, талапкерлер нақты бір ЖОО таңдайды, деп атап өтті департамент директоры. Сондықтан грант алу үшін ҰБТ ұпайлары әртүрлі мамандықтар мен ЖОО-ына қарай өзгешеленеді.


Сонымен қатар, ата-аналар ауыл квоталары мен жеңілдіктерді пайдаланатын басқа да категориядағы адамдардың бар екенін де ескеру тиіс. Ондай талапкер ҰБТ-дан алған ұпай санының төмен болғанына қарамастан грант иегері атанады. Бұл да жыл сайын қайталанатын жағдай.


"Алтын белгі" иегерлері қолданыстағы заңға сәйкес жеңілдік ала алады. Олардың ҰБТ-дан алған ұпай санын өзге талапкерлерге теңеген заң жобасы қарастырылуға берілген, бірақ әлі қабылданбады. Ол заң күзде қабылдануы мүмкін, сонда ғана "Алтын белгі" иегерлеріне берілетін жеңілдіктер жойылып, басқалармен тең дәрежеде қарастырылады", — дейді ол.


Ұлттық тестілеу орталығы бүгін қоғамдық қабылдау бөлмесін ашып, әр ата-анамен жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі уақытта +7 (71 72) 69 50 76, 69 52 61 номерлеріне хабарласып, қауырт желі арқылы қажетті ақпарат алуға болады.


"Министрлік жоғары балл алған талапкерлерге ЖОО-ның гранттарының бөлінуіне ұсыныс жасайды.Сонымен қатар, министрлік биыл әр облыс әкімдерінің гранттарының бөлінуіне жағдай жасады. Алдағы 2 апта ішінде әкімдіктермен осы бағытта жұмыс жасалады. Бірде-бір талапкер назардан тыс қалмайды", — деп түйіндеді сөзін Көбенова.


Sputnik




 




Көрілген: 427    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 11.08.2017, 18:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31