ҰБТ

Егер балаңыз грантқа ілікпесе, оқуға төлейтін ақшаңыз жеткіліксіз болса, не істеуге болады?

  • © turkystan.kz

    © turkystan.kz

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері білім грантына ілікпегендер оқудың ақысын қалай төлей алатынын айтып берді, - деп хабарлайды tengrinews.kz.


Айтуларынша, білім беру гранттары конкурсының нәтижелері барлық қатысушылардың үмітін ақтамады, өйткені түлектердің 30 пайызы ғана оқуға грант алды. Бұл студенттердің көбісі ақылы негізде оқитындығын білдіреді.


"Сонымен, егер балаңыз бір жағдайлармен грантқа ілікпесе, әрі оқуға төлейтін ақшаңыз да жеткіліксіз болса, не істеуге болады? Осы ретте, студенттер мен талапкерлерге оқу ақысын төлеуде қолдау көрсету мақсатында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі енгізілген еді. Оның шеңберінде студенттің атына жылдық 10%-дан басталатын пайыздық мөлшермен 12 жылға дейін кепілзатсыз несие ресімдеуге болады. Бұл жағдайда Білім және ғылым министрлігі "Қаржы орталығы" (бұдан әрі - Қаржы орталығы) кепілгер ретінде өкілеттік етеді", дейді ведомство өкілдері.


Қаржы орталығының кепілдігімен білім беру кредиттерін талапкерлерге де, Қазақстанның барлық ЖОО-лары мен колледждерінің барлық оқу нысандары бойынша студенттеріне де алуға болады екен. Қазіргі уақытта білім беру кредиттерін Қаржы орталығының серіктес банктерінде әр түрлі шартар да беріледі.


"Бағдарламаның әрекет ету географиясы кең, серіктес банктер Республиканың барлық өңірлерінде жұмыс істейді. Кредиттерді беру механизмі бірдей: қарыз алушы банкке барып, консультация алады, ресімдеуге қажетті құжаттарды жинап, оларды банкке тапсырады. Білім беру кредиті қажеттілігіне қарай әр семестр немесе жыл сайын оқу орынның есепшотына аударылады. Қаржы орталығының кепілдігімен білім беру кредитін алу үшін бір немесе екі қосалқы қарыз алушы қажет. Бұл жағдайда қосалқы қарыз алушының төлеу қабілеттілігі, яғни негізгі жұмыс орны бойынша алған табыстары ескеріледі", делінген БҒМ хабарламасында.


Несиенің сомасы шектелмейтіні, бастысы, оқудың барлық кезеңдері үшін оқу құнынан аспауы тиіс екені айтылады.


Айта кетер жайт, бағдарлама бойынша жеңілдікті кезең бар, яғни оқу кезінде және оқу аяқталғаннан кейін 6 айға кредитті төлеу мерзімі шегеріледі.


Кредитті мерзімінен бұрын өтеу кез келген уақытта айыппұл санкцияларынсыз жүзеге асыралады.


Білім беру кредиттерін кепілдендіру мемлекеттік бағдарламасының арқасында студент өз күшімен өз болашағын жоспарлай алады. Ал балаларының табысты болашағын жас кезінен бастап жоспарлауға және оқуға ақы төлеумен қиналмайтын адамдарға мемлекеттен ақша ала отырып, Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі шеңберінде білім депозитіне болашақ оқытуға қаржы жинауға мүмкіндік береді.


Айта кетейік, "Қаржы орталығы" АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы № 541 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Қаржы орталығы" мемлекеттік мекемесінен қайта құрылу жолымен құрылды.


"Қаржы орталығы" АҚ қызметінің негізгі мәні қаржы ұйымдары беретін, ақшалай нысанда орындауды көздейтін білім беру кредиттері бойынша кепілдік беру, сондай-ақ бұрын берілген мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттердің қайтарылуын қамтамасыз ету болып есептеледі.


Еске салайық, кеше биылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланған еді.


egemen.kz


 




Көрілген: 655    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 11.08.2017, 17:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31