ҰБТ

Грант тізімінде тағы да шу: Алтын белгі иегері оқуға түсе алмады (фото)

  • Астанада талапкерлердің ата-аналары мен туыстары Білім және ғылым министрлігі алдында жиналды. © centralasian.org

    Астанада талапкерлердің ата-аналары мен туыстары Білім және ғылым министрлігі алдында жиналды. © centralasian.org

2017 жылғы оқу грантының тізімі жарияланғалы бері NUR.KZ порталының телефонында тыным болмады. Әділдік іздеп шырылдаған ата-ана еліміздің барлық өңірінен хабарласып өздерінің жанайқайын айтуда. Солардың ішінде көпке түсініксіз жәйттерді тізбектеп ұсынуды жөн санап отырмыз.


ОҚО облысының түлегі Аббас Азамат Сәбитұлы ҰБТ-дан 102 балл жинап Алматыдағы медицина университетінің педиатрия факультетіне тапсырған. Кешегі шыққан тізімде аталған бөлімге оқуға түскендердің ішінде үздік оқушының аты кездеспеген. Алайда, одан төмен алғандар оқу орнының студенті атанғанына ата-анасы ашулы.



«Аспандияров атындағы медициналық университетттің қазақ-орыс бөліміне 150 грант бөлінген. Тізімде 142 студенттің аты-жөні бар. Соның 19-ы - 102 балдан төмен жинаған. Ал, менің ұлым ауылдық квотасы бар, 102 балмен еш оқу орнына ілікпеді. Әділдік қайда?»,- деп шырылдады Аббас Азаматтың анасы.



Тура осыған ұқсас жағдай Алматылық үш абитуренттің басында болып отыр. 126, 132 және 131 балл жинағандар КАЗГЮУ-дың «Халықаралық құқық» факультетіне бөлген грантқа іліге алмаған. Тіпті, оқудан құлап қалғандардың арасында «Алтын белгі» иегерлері де бар. Ал, аталған білім гранты иегерлерінің тізімінде 120 балдан төмен жинаған 10 студенттің есімі тұр.



Тағы бір айтары, биылғы ҰБТ-да межелеген балл 50 болғанымен, грант иегерлерінің арасында осы көрсеткішке жете алмаса да студент атанғандар кездеседі.



Осы мәселені сұрап, Білім және ғылым министрлігіне хабарласқанымызбен мардымды жауап ала алмадық. Себебі, министрліктегілер ұсынған телефондарға хабарласу мүмкін болмады. Ал, баспасөз қызметі жауап беруге құлық танытпады. 




Көрілген: 590    Пікірлер: 2
Пікірлерді оқу (2) preloader

жұма, 11.08.2017, 16:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31