ҰБТ

ҰБТ балы ЖОО түсуге қажет болмайды

  • © ҚазТАГ

    © ҚазТАГ

ҰБТ балы Қазақстанда ЖОО түсуге қажет болмайды, делінген «Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 30 қаңтардағы №174 Қазақстан Республкиасы үкіметінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасында.


«Конкурс қабылдау емтихандарының нәтижесі бойынша алған балдары (бағалары) негізінде жүргізіледі», - делінген құжат жобасында.


Қазіргі таңда жоғары оқу орындарына түсетіндерді көптеген критерийлер бойынша бағалайды.


«Конкурс ҰБТ сертификаттарының балдары негізінде, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде, пәндер бойынша немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысанындағы түсу емтихаңдарының нәтижелері бойынша алынған балдар (бағалар) негізінде өткізіледі. Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің балдарының жиынтығы есептеледі.


Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға: жалпы орта білімі барлар үшін үш пәннен 30 балдан кем, білім, құқық, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 35 балдан кем, оның ішінде бейінді пәннен 17 балдан кем жинаған тұлғалар жіберілмейді», - делінген типтік ережелердің қолданыстағы редакциясында.


Жобада қолданыстағы редакцияда жоқ бірқатар жаңа ережелер де қарастырылған.


«Техникалық және кәсіби білімдеру бар мамандарды дайындау бойынша білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде көрсеткіштер бірдей болған жағдайда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, кәмелеттік жасқа толғаанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар ішіндегі ҚР азаматы, медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында окуына болатын жағдайда I және II топтағы мүгедектердің, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы бар», - делінген қаулы жобасының салыстырмалы кестесінде.


Тағы бір жаңалық, білім беру ұйымдарына қабылдау туралы ақпарат күндізгі бөлім бойынша қолданыстағы ережеге сәйкес 30 тамызға дейін емес, 31 тамызға дейін жеткізіледі. сонымен қатар, білім беру ұйымдарында оқуға тұлғалардың өтініштері 20 -28 тамыз аралығында қабылданады, бұл ретте оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 28 тамыздан 29 тамызына ұзартылды.


Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда үкімет ұыснып оытрған жаңа ережеге сәйкес, арнайы білімге мұқтаж азаматтар мамандық алу мүмкіндігіне ие болады. Осыған байланысты, үлгі ережелерінде арнайы білім беру қажеттіліктері бар адамдарды оқытуға қабылдау әдістемесі көрсетілген.


Қарар жобасы «Ашық НҚА» Мемлекеттік порталында жарияланды және 15 ақпанға дейін талқылауға ұсынылды. 


ҚазТАГ




Көрілген: 1285    Пікірлер: 0

жұма, 02.02.2018, 18:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31