ҰБТ кезіндегі прогрессия есептері және оны шығару жолдары

ҰБТ кезіндегі прогрессия есептері және оны шығару жолдары

Шығыс Қазақстан облысы. Өскемен қаласы. “Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы”
Математика пәні мұғалімі Маубакимова Айнұр Төлеуханқызы

Бүгінде мектеп қабырғасындағы жасөспірім-ертеңгі ел азаматы. Сол жастардың білімін саралап, келешекке жолдама беретін— Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі.
ҰБТ кезінде кездесетін күрделі прогрессиялық есептердің, көпшілігі оқушыларға қиындық туғызады. Сондықтан ҰБТ кезіндегі күрделі прогрессия есептерін тиімді жолмен шығарудың жолдарын анықтау, ұсыну қазіргі мектептегі шешімін таба алмаған, өзекті мәселелердің бірі.
Арифметикалық және геометриялық прогрессия есептері алгебра бағдарламасында 9 сыныпта өтіледі. Бағдарлама бойынша тізбектер туралы алғашқы мәліметтер, сипаттамасы, арифметикалық, геометриялық прогрессиялардың анықтамалары және n мүшесінің формулалары беріледі. Оқулықта берілген есептер формулалар арқылы алгоритм бойынша шешу жолдарын қарастырады. Ал арифметикалық, геометриялық прогрессиялар қасиеттері арқылы теңдеу және теңдеулер жүйесін құра отырып шығару жолы ұсынылмайды. ҰБТ-де осы тақырыпқа берілген есептердің ішінде осы тәсіл арқылы шығарылатын есептер кездеседі. Ендеше түлектерге оларды шешудің тиімді жолдарын үйрету қажеттілігі туындайды.
Прогрессияға берілген есептерді шешудің тиімді жолдарының әдістемесі.
Ұлттық тестілеу орталығы дайындаған оқу- әдістемелік құралдардағы прогрессияға берілген есептерді зерделей келе, ҰБТ кезінде кездесетін есептерді төмендегіше жіктеуге болады:
1. Мазмұны бойынша:
Белгісіз мүшесін немесе айырмасын (еселігін) табуға берілген есептер;
Алғашқы n мүшесінің қосындысын табуға берілген есептер;
Прогрессияның мүшелерінің санын табуға берілген есептер;
Арифметикалық және геометриялық прогрессияға келтірілетін есептер.
2.Шығару әдісі бойынша:
Теңдеу құру арқылы шығарылатын есептер;
Теңдеулер жүйесін құру арқылы шығарылатын есептер.
Ендігі кезекте осы прогрессия есептеріне жеке-жеке тоқталып, оқушылардың шығару тәсілін талдап көрейік.

Геометриялық прогрессияның негізгі формулалары және қасиеттеріне тоқтала отырып, оларды шығарудың тиімді жолдарын анықтауға тырыстым. Бұл есептерді шығаруда геометриялық прогрессия қасиеттерін басшылыққа алып есептерді шығарсақ, біріншіден, оқушыларға оңай, екіншіден, уақытты үнемдейміз.
ҰБТ кезінде кездесетін прогрессия есептерін шығару жолдарын төмендегідей салыстырмалы түрде тұжырымдауға болады:

Жауабы: 5с
Білім беру жүйесіндегі мектептің білім сапасының көрсеткіші ҰБТ жүйесіне байланысты. Әр жылдары мектептің оқушыларға білім беру қызметі осы оқушылардың бірыңғай ұлттық тестілеуден өткеннен кейін қорытындыланып жатады. Тест жүйесіне енген пәндердің ішінде математика пәні айрықша орын алады. Себебі, басқа пәндермен салыстырғанда математика орасан еңбек пен білімділікті талап етеді. Оқушылар математика пәнін басқа пәндермен салыстырғанда төмен дәрежеде тапсырады. Өйткені бұл пән білімді жүйелі меңгеруді қажет етеді. ҰБТ жүйесінде математика пәнінен ұсынылатын есептер ішінара әр түрлі болып келеді. Соның ішінде мектеп бағдарламасында аса назар аударыла бермейтін прогрессиялық есептер де кездеседі.
Осы тақырыпты жазу барысында ҰБТ кезінде кездесетін прогрессия есептері жинақталып, оларды шығарудың жолдары қарастырылды. Оқушылар прогрессиялық есепті шешу барысында қалыптасқан тәсіл қосу және алмастыру тәсілін көп қолданатындығы белгілі. Осыны негізге ала отырып, Ұлттық тестілеу орталығы дайындаған оқу- әдістемелік құралдардағы прогрессияға берілген есептердің жіктемесі көрсетілді. Арифметикалық және геометриялық прогрессияның қасиеттерін қолдана отырып шығару жолының тиімдірек болатынын көруге болады. Сондықтан осы нәтижелерге сүйене отырып бұл тәсілдің айрықша ұтымдылығын саралауға болады:
► бағдарламаға енбеген, оқушыларға таныс емес тәсіл;
► мектеп бағдарламасы бойынша оқытылмағанымен есепті шешу формуласы меңгеруге жеңіл;
► теңдеулер жүйесінің тәсілін жақсы меңгеру қажеттілігі жоқ;
► бұл тәсілдерді ҰБТ кезінде қолдану тиімді, өткені уақыт үнемделеді;
► есептерді шығаруға 1-2 минут қана уақыт қажет;
► математика пәнінен жақсы білім сапасын көрсете алуға мүмкіндік туындайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста