Футбол

2017/2018 жылғы маусымның УЕФА рейтингі жарияланды: Қазақстан нешінші орында

  • © 112 Украина

    © 112 Украина

УЕФА-ның ресми сайтында 2017/2018 жылғы маусымның қорытындысы бойынша клубтық турнирлердің рейтингі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


ҚР футбол федерациясынан мәлім еткендей, Қазақстан Норвегия, Словакия және Венгрия елдерінің қауымдастықтарын басып озып, 28-орынды иеленді.


Біздің клубтардың жалпы жинаған ұпайы - 18.125.


2016/2017 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Қазақстан 15.250 ұпаймен 29-орынға орналасқан еді.


«Астана» футбол клубы Еуропа Лигасының топтық кезеңінде 21.750 ұпай жинап, УЕФА-ның клубтық рейтингінде 67-орынға жайғасты.


2016/2017 жылдың қорытындысы бойынша елордалық клуб 51 сатыға төмен болған еді - 118-орын (13.750 ұпай).


Айта кетейік, коэффициент елдің барлық клубтарының Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының соңғы бес маусымдағы нәтижелерінің негізінде құралады.


 




Көрілген: 517    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.05.2018, 10:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31