Футбол

2018 жылы Ресейде өтетін әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне шыққан барлық құрама белгілі болды

  • Чемпионат по футболу

    Чемпионат по футболу

2018 жылы Ресей жерінде өтетін футболдан әлем біріншілігінің финалдық кезеңінде өнер көрсететін барлық құрама белгілі болды. Әлем чемпионатының финалдық кезеңінде 32 команда өнер көрсетеді. Оның ішінде турнир қожайындары да бар, деп жазады Vesti.kz порталы.


Еуропадан әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне Англия, Бельгия, Германия, Дания, Исландия, Испания, Польша, Португалия, Сербия, Швеция, Швейцария, Хорватия және Франция шықты.


Оңтүстік Америка құрлығының намысын Аргентина, Бразилия, Колумбия, Перу және Уругвай құрамалары қорғайды.


Азиядан әлем біріншілігінде Австралия, Иран, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея және Жапония құрамалары өнер көрсетеді.


Африка құрылығының намысын Мысыр, Марокко, Нигерия, Тунис және Сенегал құрамалары қорғаса, Солтсүтік Америкадан Мексика, Коста-Рика және Панама құрамалары қатысады.


2018 жылғы әлем біріншілігінің финалдық кезең жеребесі 1 желтоқсан күні Мәскеуде тартылады. Командалар төрт-төрттен сегіз топқа бөлінеді. Ал турнирдің финалдық кезеңі 2018 жылдың 15 маусымы мен 15 шілдесі аралығында Ресейдің 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді.


Айта кетейік, әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне Исландия мен Панама құрамалары өз тарихтарында бірінші рет шығып отыр. Қалған құрамалар бұған дейін әлем біріншілігінің финалдық кезеңінде өнер көрсеткен.


 




Көрілген: 449    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.11.2017, 13:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30