Футбол

ӘЧ-2018: Бразилия Мексиканы жеңіп, ширек финалға шықты

  • © FootballHD

    © FootballHD

Бүгін Ресей жасыл алаңдарында өтіп жатқан 2018 жылғы Әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында Самараның «Самара Арена» стадионында Бразилия және Мексика құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бес рет әлем чемпионы атанған Бразилия құрамасы осы ойынның фавориті саналған еді. Бірақ олар ойын басында 20 минуттай мексикалықтардың шабуылынан көз аша алмай қойды. Бірақ үсті-үстіне қаптатқан шабуылдардан нәтиже шыға қойған жоқ.


Есесіне енді Бразилия ес жиып, ойын тізгінін қолға алды. 25 және 33-минуттарда «пентакампеондар» екі рет қауіпті соққы бағыттай алды. Оларды мексикалықтардың қақпашысы Гильермо Очоа қайтарды.


Бірінші таймда командалардың гол соғатындай басқа мүмкіндігі болған жоқ. Екінші тайм толық бразилиялықтардың үстемдігімен өтті.


Үзілістен кейін жанкүйерлер мүлдем басқа Бразилияны көрді. Күш жинап келген қалың қол сияқты жоспарлы шабуылға шықты. Оның нәтижесі де көп күттіре қойған жоқ. 51-минутта Неймар қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Ол айып алаңының ту сыртында айналшықтап жүріп допты Виллианға қалдырды да, өзі қорғаушылардың шебінен сытыла беріп, қақпашының алаңқайына қарай жүгірді. Бұл кезде Виллиан айып алаңының оң жақ шетінен жарып кіріп, қақпаның түбіне қарай жерлетіп пас беріп үлгерген. Доп тура аяғына келіп түскен Неймар ашық қақпаға тоғыта салды - 1:0.


Мексикалықтар есепті теңестіруге қаншалықты ұмтылса да, бұған күші жетпеді. Қайта, 89-минутта қарсы шабуыл кезінде Бразилия екінші голын да соқты. Оң қанаттан жылдам шабуылдаған Неймар өткір шабуыл өтіндегі Фирминоға дәл пас берді. Тура бірінші голдағы сияқты бұл жолы да бразилиялық шабуылшылар ашық қақпаға гол соғудан мүлт кеткен жоқ. Роберто Фирминоның осы гол ширек финал мәселесіне іс жүзінде нүкте қойды.


Енді Бразилия құрамасы ширек финалда Бельгия және Жапония командалары арасындағы ойынның жеңімпазын күтеді.


 




Көрілген: 263    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.07.2018, 22:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30