Футбол

ӘЧ-2018: "Е" тобынан 1/8 финалға Бразилия мен Швейцария шықты

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

Футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының "Е" тобындағы ойындар аяқталды. Фаворит саналған Бразилия мен Швейцария құрамалары 1/8 финалға шықты.


Топтағы соңғы турда Бразилия құрамасы Сербияны 2:0 есебімен ұтты. Балқан түбегінен келген құраманың да плей-оффқа шығатын мүмкіндігі болған. Ол үшін пентакампеондарды жеңуі тиіс еді.


Бразилия құрамасына маңызды ұпай сыйлаған ойында Паулиньо мен Тяьго Силва гол соқты. Нәтижесінде 7 ұпаймен топта бірінші орын алды.



Екінші жолдаманы Швейцария құрамасы иеленді. Олар соңғы турда Коста-Рикамен тең ойнады. Екі рет есепте алға шыққанмен, жеңісті уыстарынан шығарып алды. Алдымен Джемайли есеп ашса, Кендал Бастон таразы басын теңестірді. 88 минутта Дрмич швейцариялықтарды кезекті рет алға шығарды. Алайда ойын соңында бас төреші Турпен пенальти белгіледі. Брайан Руистің тепкен добы қақпа бағанынан қайтып, қақпашы Зоммерге келіп тиді. Тиген бойда кері серпіліп, қақпа торынан бір-ақ шықты. Автогол...



1/8 финалда Бразилия құрамасы Мексикамен кездеседі. Ал швейцариялықтар Швециямен ойнайды. 


vesti.kz




Көрілген: 118    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.06.2018, 08:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31