Футбол

ӘЧ-2018: Франциядан ұтылған Аргентина құрамасы әлем чемпионатымен қош айтысты

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

Футболдан әлем чемпионатының ширек финалына шыққан алғашқы құрама белгілі болды. Франция құрамасы аса тартысты өткен ойында Аргентинаны 4:3 есебімен ұтты.


Қазанда өткен кездесуде Антуан Гризманн пенальтиден бірінші болып гол соғып, есеп ашты. 41 минутта Анхель Ди Мария таразы басын теңестірді. Тіпті екінші тайм басында аргентиналықтар есепте алға шықты. Габриэль Меркадоның аяғына тиген доп Уго Льорис қорғаған қақпаның торында тулады.


57 минутта Бенжамин Павар есепті қайта теңестірді. Оның шірене тепкен добын аргентиналық қақпашы Армани қайтара алмады.


Одан кейін бар болғаны 4 минут ішінде Килиан Мбаппе 2 гол соғып, дубль жасады. Франция құрамасын екі доп басымдығымен алға шығарды. Ойын аяқталар тұста Серхио Агуэро есепті бір голға қысқартқанмен, нәтижені теңестіруге уақыт жетпеді. Франция құрамасы алғаш болып ширек финалға шықты. Олар Уругвай және Португалия құрамасының бірімен (қай жеңгенімен) кездеседі. 


vesti.kz




Көрілген: 245    Пікірлер: 0

сенбі, 30.06.2018, 22:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30