Футбол

ӘЧ-2018: Испания Иран құрамасын ұтты

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

Испания құрамасы "В" тобындағы екінші ойында Иранды ұтып, ұпай санын 4-ке жеткізді. Қазан қаласында өткен ойында "қызыл фурия" қарсыластарынан 1:0 есебімен басым болды.


Ойынның бірінші таймында гол соғылмады. Сәтті қорғанған ирандықтар ширақ шабуылда ойнаған испандықтарға айтарлықтай тосқауыл бола білді.


Испания құрамасы екінші таймды да шабуылмен бастады. Сондай сәттердің бірінде Диего Костаның жолы болды. Иран қорғаушысы Резаянның тепкен добы шабуылшының тізесіне тиіп, қақпа торынан бір-ақ шықты.


63 минутта Иран құрамасы стандартты жағдайдан кейін таразы басын теңестірген болатын. Алайда қапталдағы төреші Сеид Эззатоллахидің ойыннан тыс қалғанын көрсетті. Бас төреші Андрес Кунья голды есепке алмады.


Осыған дейін бұл топта Португалия құрамасы Марокконы 1:0 есебімен ұтқан болатын. 1/8 финалға шыққан құрамалар үшінші турда анықталады. Испания Мароккомен, Иран Португалиямен ойнайды. Қазіргі уақытта Испания мен Португалияда 4 ұпайдан болса, Иранда 3 ұпай бар. Марокко 0 ұпаймен плей-оффтан үмітін үзді. 


vesti.kz




Көрілген: 270    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.06.2018, 09:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30