Футбол

ӘЧ-2018: Жапония Колумбияны ұтты

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

Футболдан әлем чемпионатының Н тобындағы алғашқы ойын аяқталды. Жапония құрамасы Колумбияны 2:1 есебімен ұтып, алғашқы 3 ұпайына ие болды.


Cаранскіде өткен ойында самурайлардың саны басым болды. Себебі 3 минутта өз қақпасы алдында қолмен ойнаған Карлос Санчес алаңнан қуылды. Бұл - Ресейдегі әлем чемпионатында қызыл қағаз алған алғашқы футболшы. Бас төреші Дамир Скомина пенальти белгіледі. Синдзи Кагава өз мүмкіндігін сәтті пайдаланып, командасын алға шығарды.


39 минутта 10 ойыншымен ойнаса да Колумбия құрамасы есепті теңестірді. Гол соққан – Хуан Кинтеро. Алайда екінші таймда жапондар жеңіске бастар жолды тапты. Бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жеткен Юя Осака Оспина қорғаған қақпаны тура көздеді. Есеп 2:1. Жапондар 3 ұпайға ие болды.



kaz.vesti.kz


 




Көрілген: 149    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.06.2018, 09:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31