Футбол

ӘЧ-2018: Оңтүстік Кореядан ұтылған Германия топтық кезеңнен шыға алмады

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатында топ жарған Германия құрамасы биылғы доданы ерте аяқтады. Топтағы соңғы ойында немістер Оңтүстік Корея құрамасынан ұтылды.


Қазанда өткен кездесуде 2:0 есебімен ұтылған немістер топтық кезеңнен өте алмады. Алғашқы ойында Мексика құрамасына ұтылған құрама, екінші кездесуінде Швецияны ұтқан-ақ еді. Алайда шешуші ойында Йоахим Лев шәкірттерінің жолы болған жоқ.


Оңтүстік Корея құрамасы екі голды да соңғы минуттарда соқты. Ким Ен Гвон мен Сон Хын Миннің голдары Азиядан барған ұжымға жеңіс сыйлады.


F тобындағы екі жолдаманы Германия да емес, оларды жеңген Оңтүстік Корея да емес, Швеция мен Мексика иеленді. Шведтер топтағы соңғы ойында Оңтүстік Америкадан келген құраманы 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Бұл ойында Аугистиннсон мен Гранквист гол соқты. Сондай-ақ бір голды Альварес өз қақпасына байқаусызда енгізіп алды.


vesti.kz


 




Көрілген: 210    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.06.2018, 08:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30