Футбол

ӘЧ-2018: Португалия Марокконы жеңді

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

Футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының "В" тобындағы екінші ойындар басталды. Мәскеуде Португалия құрамасы Марокконы 1:0 есебімен ұтты.


Ойында португалдықтарға жеңіс сыйлаған голды 4 минутта Криштиану Роналду соқты. Нәтижесінде әлем чемпионатындағы төртінші голын еншісіне жазып, үздік сұрмергендер көшін бастады.



Екінші таймды Марокко құрамасы тек шабуылмен өткізді. Бірде допты биік тепсе, бірде командаластарына дұрыс пас бере алмады. Енді бір сәттерде Португалия құрамасының қақпашысы Руй Патрисиу шеберлігімен көзге түсті.


Португалия құрамасы 1:0 есебін сақтап, 4 ұпаймен көш басына шықты. Ал марокколықтар мундиальды топтық кезеңде аяқтайды. Бұл топтағы Иран мен Испания құрамалары арасындағы кездесу Астана уақытымен түнгі сағат 00:00-де басталады.


Криштиану Роналду Еуропа ұлттық құрамаларында ең көп гол соққан үздік сұрмерген атанып, рекорд жаңартты. Әйгілі Ференц Пушкаштың нәтижесін басып озды. шабуылшы бүгін Португалия құрамасы сапында85-ші голын соқты. 


vesti.kz




Көрілген: 170    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.06.2018, 21:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31