Футбол

ӘЧ-2018: Ресей құрамасы алғаш болып әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

  • © Sputnik / Евгения Новоженина

    © Sputnik / Евгения Новоженина

Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының "А" тобындағы кезекті ойында Ресей құрамасы Египет футболшыларын ұтып, алғаш болып әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты, деп хабарлады prosports.kz.


Кездесу алаң иелерінің жылдам шабуылдарымен басталса да, ойындағы 4 гол да екінші таймда соғылды. Бүгінгі ойында негізгі құрамға шығуы белгісіз болған Роман Зобнин 47-минутта Египеттің капитаны Ахмед Фатхиді қателесуге мәжбүр етті. Ресейліктің соққысына қайтаруға ұмтылған Фатхи допты өз қақпасына теуіп кіргізіп алды.


59 минутта Денис Черышев әлем чемпионатындағы үшінші голын соқты. Осылайша, ол Криштиану Роналдумен теңесті.


Араға 3 минут сала Артем Дзюба есепті 3:0-ге жеткізді. Дзюба өзінің әлем чемпионатындағы екінші голын соқты.


73 минутта Ресей ойыншысы Р.Зобнин өз айып алаңында Салахты шалып жығып, төреші 11 метрлік айып добын белгіледі. Мұхаммед Салах 11 метрлік айып добынан гол соқты.


Ресей – Египет: 3:1


Голдар: Фетхи (47), Черышев (59), Дзюба Гжегож (62), Салах (73).


Екі ойын қорытындысы бойынша Ресей құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты. Келесі ойынын Уругвайға қарсы өткізеді.


Sputnik


 


 




Көрілген: 236    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.06.2018, 09:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30