Футбол

ӘЧ-2018: Шакири мен Джака екі ойыннан шеттетілуі мүмкін

  • © Soccernews.ru

    © Soccernews.ru

Швейцария командасының ойыншылары Джердан Шакири мен Гранит Джаке алдағы екі матчтан шеттетілуі мүмкін. Сербия құрамасының қақпасына соққан голдарынан соң екі футболшы да қарсыластарының намысына тиетін қылық көрсетті.


Швейцариялықтардың бұл әрекетін FІFA жауапсыз қалдырмаймыз деп отыр.


Екі құрама арасындағы кездесу Калининградта өтіп, 2:1 есебімен швейцариялықтар жеңіске жеткен еді.


Түп-тамырлары косовалықтармен байланысып жатқан Джака мен Шакири сол ойында бір-бір голдан соғып, бұл жетістіктерін Албанияның белгісі болып табылатын – қыран құс қанатын құлаш сермегенін аңғартатын әрекетпен атап өтті.


Одан қалды Шакиридің аяқ киімінің бірінде Швейцарияның, екіншісінде Косово туы бейнеленген екен. Бұл жайтқа қатысты тергеуді бастаған FІFA футболшылардың іс-қимылдары тәртіптік кодекстің 54-бабына қаншалықты сәйкестігін анықтауға кірісті. Онда бұқараны әдейі арандатқан ойыншы екі матчтан шеттетіліп, 5 мың швейцариялық франк айыппұл төлейтіні жазылған.


Егер екеуінің кінәсі расталса, онда олар Е тобында Коста-Рика құрамасына қарсы соңғы кездесуге және плей-оффтың алғашқы матчына қатыса алмайды, деп жазады rsport.ria.ru.


24.kz


 




Көрілген: 187    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.06.2018, 09:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30