Футбол

ӘЧ-2018: Швеция Оңтүстік Кореяны жеңді

  • © fifa.com

    © fifa.com

Бүгін 2018 жылғы Әлем чемпионатының F тобының бірінші тур ойындары аяқталды. Онда Швеция Оңтүстік Корея құрамасынан басым түсті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Швеция құрамасы осы жұптың айқын фавориті саналған болатын. Мұны дәлелдеу үшін Янне Андерссон шәкірттері алғашқы минуттардан шабуылға лап қойды.


Көп уақыт допсыз жүрген Оңтүстік Корея құрамасы 45 минутта жалғыз-ақ мәрте қақпаға қарай доп тебе алды, бірақ соның өзі қиыс кетті. Бапкер Син Тхэ Ёң екінші нөмірмен ойнау тактикасы бірінші таймда гол жібермеудің кепілі болды.


Екінші бөлімде Скандинав түбегінің өкілдері сапалы ойнай бастап, шабуылына мазмұн кірді. Бұл корей футболшыларының өз айып алаңында қателік жіберуіне себеп болды. 63-минутта қорғаушылардың Йон Гвидеттиді шалып жығылтқанын көрген төреші видеоқайталауға жүгініп, пенальти белгіледі. Оны 33 жастағы команда капитаны Андреас Гранквист сәтті орындап, есеп ашты.


1:0 есебі ойын соңына дейін өзгерген жоқ.


Осы жеңістен кейін 3 ұпай алған Швеция Мексикамен бірге F тобының көшбасшысына айналды.


Кеше осы топтың алғашқы матчында Мексика Германия құрамасын жеңген болатын.


Швеция: қақпашы - Робин Ольсен; қорғаушылар - Микаэль Люстиг, Андреас Гранквист, Людвиг Аугустинссон, Понтус Янссон; жартылай қорғаушылар - Себастиан Ларссон (Густав Свенссон 81'), Альбин Экдаль (Оскар Хильемарк 71'), Эмиль Форсберг, Виктор Классон; шабуылшылар - Маркус Берг, Ола Тойвонен (Исаак Кисе Телин 77'). Бас бапкері - Янне Андерссон.


Оңтүстік Корея: қақпашы - Чо Хюн Ву; қорғаушылар - Ли Ёң, Пак Чу Хо (Ким Мин Ву 28'), Ким Ёң Вон, Чжан Хён Су; жартылай қорғаушылар - Ку Джа Чхоль (Ли Сын Ву 73'), Ки Соң Ёң, Ли Джае Суң; шабуылшылар - Сон Хын Мин, Ким Шин Вук (Чон Ву Ёң 66'), Хван Хи Чхан. Бас бапкері - Син Тхэ Ёң.


«Нижний Новгород» стадионы, төреші - Жоэль Агилар (Сальвадор).


 




Көрілген: 146    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.06.2018, 20:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31