Футбол

Әлем чемпионатына қатысатын еуропа елдерінен шыққан құрамалар белгілі болды

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына Еуропадағы іріктеу кезеңі аяқталып, жолдама алған барлық құрамалар белгілі болды. Кәрі құрлықтан соңғы жолдаманы Дания құрамасы жеңіп алды.


Даттар Ирландияға қарсы қарымта ойында бар күш-жігерін салды. Нәтижесінде Дублинде өткен кездесуде Дания құрамасы алаң иелерін 5:1 есебімен ұтты. Алдымен 6 минутта Шейн Даффи алаң иелерін алға шығарғанмен, Скандинавия түбегі елінің бірінші тайм аяқталғанша екі гол соғып үлгерді. Ал екінші таймда тағы үш гол соқты. Ойында Кристиан Эриксен хет-трик жасаса, Андреас Кристенсен мен Николас Бендтнер бір-бір голдан соқты.


Қос құрама арасындағы бірінші ойында 0:0 есебі тіркелген болатын.


Сонымен Ресейдегі әлем чемпионатына Еуропадан Ресей, Франция, Португалия, Германия, Сербия, Польша, Англия, Испания, Бельгия, Исландия, Швеция, Швейцария, Хорватия және Дания құрамалары қатысады. Негізі жолдама алған 30 құрама белгілі.


Айта кетейік, қазіргі таңда әлем чемпионатына жолдама алған 30 құрама белгілі. Бүгін тағы 2 құрама жолдаманы иеленеді. Ал жеребе тастау рәсімі 1 желтоқсан күні Мәскеуде өтеді.


vesti.kz




Көрілген: 364    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 15.11.2017, 11:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31