Футбол

"Астана" Еуропа лигасының топтық кезеңінде сенсация жасады

  • Сурет

    Сурет "Астана" клубының ресми сайтынан алынды.

"Астана" клубы еурокубоктық додаларының топтық кезеңінде бірінші рет өз қақпаларына гол жібермеді, деп жазады Vesti.kz порталы.


Елордалық клуб еурокубок додаларына үшінші жыл қатарынан қатысып келеді. 2015/16 жылы Чемпиондар лигасында, 2016/17 және 2017/18 жылдары Еуропа лигасында өнер көрсетіп жатыр.


Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Астана" төрт рет тең ойнап, екі рет ұтылды. Тарқатып айтсақ, біздің команда "Бенфикаға" 0:2 есебімен есе жіберсе, мадридтік "Атлетико" клубынан 0:4 есебімен жеңілді. Ал "Галатасараймен" 1:1 есебімен тең тарқасты.


Еуропа лигасында үш рет жеңіліп, екі рет тең ойнады. Түзде "Астана" АПОЭЛ клубынан 1:2 есебімен, "Вильярреалдан" 1:3 есебімен жеңілсе, тель-авивтік "Маккаби" клубынан 1:0 есебімен үстем түсті.


Көріп отырғандарыңыздай "Астана" кеше түзде тек бірінші рет жеңіске жетіп ғана қоймай, сырт алаңда еурододалардың топтық кезеңінде бірінші рет өз қақпасына гол жібермеді.


Еске салайық, кеше елордалық клуб Израиль жерінде "Маккаби" клубын 1:0 есебімен жеңіп, Еуропа лигасында өз тобында екінші орынға көтерілді.


 




Көрілген: 555    Пікірлер: 0

жұма, 03.11.2017, 14:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31