Футбол

"Астана" қарымта кездесуде "Селтикті" жеңді

  • © Reuters

    © Reuters

"Астана" футболшылары Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта кездесуде "Селтикті" жеңді - деп хабарлайды Vesti.kz  тілшісі.


Ойын 22 тамызда "Астана Аренада" өтіп, 4:3 есебімен аяқталды.


Есеп бірінші таймның ортасында ашылды. 26-шы минутта "Селтик" қорғаушысы Кристофер Айер Дмитрий Шомконың соққысын қайтарамын деп, допты өз қақпасына соғып алды.



Өкінішке қарай, 34-ші минутта қонақтар командасының жартылай қорғаушысы Скотт Синклер есепті теңестіріп кетті.


Үзілісте "Астананың" бас бапкері Станимир Стойлов хорват Марин Томасовтың орнына Абзал Бейсебековті шығарған. Бұл сәтті қадам болды.


48-ші минутта Серікжан Мұжықов "Астананы" алға шығарды.


49-шы минутта ганалық шабуылшы Патрик Твумаси "Селтик" қақпасына үшінші допты салып кетті. Ал 69-шы минутта сол Твумаси дубль жасады.


"Астана" бесінші голды да сала алар еді, алайда бірнеше мүмкіндікті қалт жіберіп алды. 81-ші минутта жарақат алған Бейсебековке жәрдем көрсетіліп жатқанда "Селтик" бұл басымдықты сәтті пайдаланып, қарымта шабуыл жасады. Бұл жолы Оливер Нчам көзге түсті.


Шотландиялықтар 90-шы минутта да гол соғып кетті - Ли Гриффитс елордалық команда қақпасынан саңылау тапты.


Бұдан кейін де "Астана" бірнеше мүмкіндікті қалт жіберді.


Еске салайық, Глазгода өткен бірінші ойында "Селтик" 5:0 есебімен жеңген болатын. Осылайша, екі ойынның қорытындысы бойынша "Селтик" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығып отыр, ал "Астана" Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде өнер көрсетеді.




 




Көрілген: 397    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.08.2017, 11:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30