Футбол

"Астана" "Маккаби Тель-Авивті" ойсырата ұтты

  • © Тұрар Қазанғапов

    © Тұрар Қазанғапов

Футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңінің үшінші турында "Астана" өз алаңында "Маккаби Тель-Авивті" 4:0 есебімен ойсырата ұтты.


Ойынды қос команда да бақылаумен бастады. Алғашқы минуттарда ширақ шабуылдар мен қауіпті сәттер көп бола қойған жоқ. "Астана" ойыншылары соққы бағыттағанмен, қақпашының тура қолынан табылып жатты. 32 минутта "Маккаби" ойыншылары ереже бұзып, бас төреші Сергей Бойко айып соққысын белгіледі. Патрик Твумаси тепкен доп жартылай қорғаушы Дор Перецтің қолына тиді. Қонақтар қақпасына пенальти соққысы белгіленді. 11 метрлік нүктеден Патрик Твумаси мүлт кеткен жоқ. Есеп 1:0.


42 минутта Дмитрий Шомконың әуелете асырған пасына Патрик Твумаси бірінші жетіп, ойындағы екінші голын соқты.


Екінші тайм басталған тұста Джуниор Кабананга Придраг Райкович қақпасында үшінші рет допты тулатты. "Астана" командасы шабуылшысының айып алаңы сыртынан тепкен добы тура қақпа торынан табылды. Араға 5 минут сала Дмитрий Шомко бірнеше ойыншыны алдап өтіп, Кабанангаға сәтті пас берді. Шабуылшының шиіре тепкен добы қақпа торынан табылды.


Одан кейінгі аралықта "Астана" ойыншылары бірнеше рет жүйелі шабуыл ұйымдастырғанмен, қонақтар қорғаушылары бесінші голды соғуға мүмкіндік бермеді.


Үш ойын қорытындысы бойынша 4 ұпай жинаған "Астана" үшінші орында келеді. "Вильярреал" (Испания) мен "Славия Прага" (Чехия) командаларында 5 ұпайдан бар.


Патрик Твумаси УЕФА таңдауымен ойындағы үздік футболшы атанды.


vesti.kz


 




Көрілген: 468    Пікірлер: 0

жұма, 20.10.2017, 11:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31