Футбол

"Астана" "Спартакты" ұтты (видео)

  • ©

    © "Астана" ФК

Футболдан Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі бірінші ойында "Астана" Латвияның "Спартак" командасын 1:0 есебімен ұтты. Юрмалада өткен кездесуде жеңіс голын Патрик Твумаси соқты.


Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ алға ұмтылған "Астана" алаң иелері қақпасына жиі шабуылдаумен болды. "Спартак" ойыншылары Александр Мокин қорғаған қақпаға қауіп төндіре қойған жоқ. Дегенмен бірінші 45 минутта есеп ашылмады.


Екінші таймда юрмалалық команда да жүйелі ойынымен көзге түсе бастады. Астананың бірінші таймдағыдай шабуылы көп үдемеді. Десе де Станимир Стойлов шәкірттері жеңіске бастар жолды таба білді. 73 минутта Патрик Твумасидің айып соққысынан тепкен добы алаң иелері қақпасында тулады. Футболшы бұрын ойнаған командасына құрмет ретінде соққан голына ерекше ынта танытып қуанбады.



Қос команда арасындағы қарымта ойын 19 шілде күні "Астана Арена" стадионында өтеді.


Айта кетейік, "Астана" Чемпиондар лигасына үшінші жыл қатарынан қатысып отыр. 2015/2016 жылғы маусымда кәрі құрлықтың басты додасы саналатын жарыстың топтық кезеңінде ойнады. Өткен жылы үшінші іріктеу кезеңіне дейін жетіп, Шотландияның "Селтик" командасына жол беріп алған-ды. Дегенмен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған еді. Елордалық команда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған тұңғыш қазақстандық команда. Биыл да топтық кезеңге шығуды мақсат тұтып отыр.


kaz.vesti.kz


 




Көрілген: 518    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.07.2017, 09:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31