Футбол

Астанаға келетін футбол жұлдыздарының есімдері белгілі болды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында 5 тамыз күні елорданың «Астана Арена» стадионында жалауы желбірейтін «EXPO 2017 Football Cup» халықаралық футбол турниріне қатысатын командалардың құрамы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Елордалық стадионда Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия құрама командалары мен әлем құрамасы ойнайды. ЭКСПО кубогында Астана жанкүйерлері әлемдік деңгейдегі ардагер ойыншылардың ойынын өз көзімен көре алады. Олардың арасында «Алтын доп» иегері француз Жан-Пьер Папен, «Валенсия» капитаны Гаиска Мендьета, «Порту» сапында жасындай жарқылдаған Манише мен Италия чемпионатының үздік сұрмергені болған Эрнан Креспо бар.


Командалардың құрамы төмендегідей:


Әлем құрамасы: қақпашы - Александр Шовковский (Украина), қорғаушылар - Кристиан Пануччи (Италия), Алдаир (Бразилия), Жереми Нджитап (Камерун), жартылай қорғаушылар - Гаиска Мендьета (Испания), Мухсин Мухамадиев (Тәжікстан), шабуылшылар - Жан-Пьер Папен (Франция), Эрнан Креспо (Аргентина), Яри Литманен (Финляндия), Азамат Абдураимов (Өзбекстан).


Германия: қақпашылар - Рихард Гольц, Дитер Бурденски, қорғаушылар - Микаэль Шульц, Гвидо Бухвальд, Маттиас Хергет, Хольгер Фах, Крисчен Ран, жартылай қорғаушылар - Тим Боровски, Фабиан Эрнст, Марко Рейх, Дариуш Вош, шабуылшылар - Кевин Кураньи, Томас Брдарич.


Италия: қақпашылар - Марко Баллотта, Симоне Браглия, қорғаушылар - Франческо Колоньезе, Пьетро Верховод, жартылай қорғаушылар - Луиджи Ди Бьяджо, Дино Баджо, Анджело Карбоне, Стефано Эранио, Анджело Ди Ливио, шабуылшылар - Марко Дельвеккио.


Португалия: қақпашылар - Аделину Нену, Паулу Сантуш, қорғаушылар - Паулу Феррейра, Фернанду Мейра, Луиш Мигел, Паулу Мадейра, Бруну Башту, Рикарду Роша, Нуну Валенте, жартылай қорғаушылар - Нуну Манише, Педру Мендеш, Нуну Асиш, Жозе Домингеш.


Ресей: қақпашылар - Александр Филимонов, қорғаушылар - Дмитрий Хлестов, Дмитрий Сенников, Ахрик Цвейба, жартылай қорғаушылар - Валерий Карпин, Роман Широков, Евгений Алдонин, Константин Головской, Марат Измайлов, Виктор Булатов, шабуылшы - Сергей Кирьяков.


Қазақстан: қақпашылар - Олег Воскобойников, Даниил Рихард, қорғаушылар - Руслан Гумар, Игорь Авдеев, Максим Самченко, жартылай қорғаушылар - Нұрбол Жұмасқалиев, Андрей Карпович, Алексей Клишин, Андрей Богомолов, Асхат Қадырқұлов, шабуылшылар - Рафаэль Оразбахтин, Мұрат Тілешев, Қайрат Әубәкіров, Андрей Финонченко.


Бас төреші - Массимо Бузакка (Италия). Айта кетейік, форматы бойынша аталған турнир «Аңыздар кубогына» ұқсас, оған құрамына 5 алаң ойыншысы және 1 қақпашы (6х6) кіретін команда қатысады.


 




Көрілген: 2023    Пікірлер: 7

сейсенбі, 25.07.2017, 13:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30