Футбол

Атақты футболшы екі қызға қатар үйленгелі жатыр

  • ©

    © "Спорт-Экспресс"

 Әлем футболының аңызына айналған Роналдиньо тамызда екі қызға қатар үйленгелі жатыр. Бұл туралы бразилиялық БАҚ-тарға сілтеме жасаған "Спорт-Экспресс" басылымы хабарлады.


38 жастағы "Алтын доп" иегерінің таңдауы Присцилла Коэльоға түскен, ол экс-футболшымен көп жылдан бері кездесіп жүрген, сонымен қатар футболшы өмірінде 2016 жылы пайда болған Беатрис Соузамен көңіл жарастырмақ. Қыз Белу-Оризонти тумасы.


"Барселона" мен "ПСЖ" клубтарының бұрынғы жұлдызы екі сүйіктісіне шығындарына ай сайын екі мың доллардан ақша беріп, бірдей сыйлық жасап тұрады екен. Мысалы ол екі қалыңдығына бірдей қымбат иіссу сыйлаған, шетелге демалысқа бірге барады - наурызда ол екі сүйіктісімен де Жапонияда түскен суретін жариялаған. Тойда көптеген танымал адам болады деп болжанып отыр.


Кейбір мәліметтерге қарағанда, той Рио-де-Жанейрода өтеді.


Тағы бір қауесет бойынша салтанатты шара АҚШ-тағы Санта-Моникада өтеді делінеді. Себебі Бразилия заңы бойынша көп әйел алу заңға қайшы. Мұндай заңды бұзған адам екі жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екен.


Тengrinews.kz




Көрілген: 440    Пікірлер: 0

жұма, 25.05.2018, 11:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30