Футбол

"Атлетико" - Еуропа лигасының жеңімпазы!

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

Футболдан 2017/2018 жылғы маусымдағы Еуропа лигасын Мадридтің "Атлетико" командасы жеңіп алды. Лионда өткен финалда испандық ұжым Францияның "Марсель" командасын 3:0 есебімен ұтты.


Ойында мадридтік клубтың үздік ойыншыларының бірі Антуан Гризманн дубль жасаса, кездесу аяқталар тұста Габи есепті еселеді.


"Марсельдің" ойын басында гол соғатын тамаша мүмкіндігі болған. Валер Жерменнің тепкен добы қақпа бағанынан биік кетті. Ал 32 минутта Димитри Пайенің жарақат алуы – француз ұжымының жоспарын жаңылыстырды.


 


"Атлетико" "Марсельден" бір бас жоғары жоғары екенін байқатып, биылғы Еуропа лигасындағы үздік команда екенін дәлелдеді. Мадридтік ұжым өз тарихында бұл атақты үшінші рет иеленіп отыр. Олар 2010 және 2012 жылдары да бас жаттықтырушы Диего Симеонемен бірге жеңіп алған болатын.


Айта кетейік, биылғы маусымдағы Еуропа лигасына елімізден "Астана" футбол клубы қатысты. 1/16 финалда Лиссабонның "Спортинг" клубына жол беріп, жарысты аяқтаған еді.


Чемпиондар лигасының финалы 26 мамыр күні Украина елінің астанасы Киевте өтеді. "Реал" мен "Ливерпуль" чемпиондық атаққа таласатын болады. 


vesti.kz




Көрілген: 227    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.05.2018, 11:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31