Футбол

«Барселона» чемпиондар лигасының жартылай финалына шыға алмай қалды

  • http://24.kz

    http://24.kz

«Рома» мен «Ливерпуль» чемпиондар лигасының жартылай финалына жолдама алды.


Юрген Клопп командасының «Манчестер Ситиге» есе жібермейтіні ежелден белгілі еді.


Ал «Романың» «Барселонаны» ұтуы, ұтқанда да бет қаратпай жеңгені – жанкүйер күтпеген нәтиже.


Рим қаласының командасы қарымта ойынға тыңғылықты дайындалса керек, Каталония жігіттерінің қақпасына үш гол соқты. Есеп – 3:0. Эдин Джеко мен Даниэль Де Росси және Костас Манолас өз аттарына бір-бір доптан жазып, «Романы» жартылай финалға алып шықты. Міне жетістік.


Олар 1984 жылдан бері мұндай белеске көтерілмеген еді.


Команда бапкері Эусебио ди Франческо кездесуден кейін өз ойын былай өрбітті:


Эусебио ди Франческо, «Рома» командасының бас бапкері:


– Біздің күшіміз мынада: алға ұмтыламыз. Мысалы, осы аптада маңызды дерби күтіп тұр. Осы матчқа келсек, әрине, жақсы ойнадық. Ендігі меже – финал. Шыға аламыз ба? Күресіп көру, керек қой.


Эрнесто Вальверде, «Барселона» командасының бас бапкері:


– Маусым тым ұзақ және бұл футбол. Біздер әлі екі турнирде топ жарудан үміттіміз. Бүгін шама жетпеді. «Рома» мықты ойнады. Ал біздің жігіттердің кежегесі кейін тартты.


24.kz


 




Көрілген: 201    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.04.2018, 11:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31