Футбол

"Барселона" Иньестаның орнын басар ойыншы тапты

  • © Vivaronews

    © Vivaronews

"Барселона" футбол клубы маусым соңында командадан кететін футболшы Андрес Иньестаның орнын басар ойыншы іздеуде. Команданың басты назарына "Наполи" жартылай қорғаушысы Жоржиньо іліккен.


Sky Sports басылымы ақпараты бойынша каталондық клуб Италия құрамасының ойыншысына айрықша қызығушылық танытып отыр екен. Жоржиньоның техникалық шеберлігі мен ойын стилі "Барселонаның" ойын мәнеріне келіңкірейді. Бұл оның жаңа командаға жылдам бейімделуіне жол ашады.


Футболшының трансферлік құны 40 миллион евроға бағаланып отыр. Жоржиньо осы маусымда 37 ойынға қатысып, 4 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.


Айта кетейік, Андрес Иньеста осы маусым соңынан командадан кетеді. Ол – "Барселонаның" түлегі. Каталондық клуб сапында 8 рет Испания чемпионы атанды. 4 рет Чемпиондар лигасында, 5 рет Испания кубогын, 7 рет Суперкубокты жеңіп алды. Испания ұлттық құрамасы сапында 2010 жылы әлем чемпионы атанды. 2008 және 2012 жылдары Еуропа чемпионатында топ жарды. 


vesti.kz




Көрілген: 444    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.05.2018, 15:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31