Футбол

«Барселона» сырт алаңда «Реал Мадридті» ойсырата жеңді (видео)

  • Readfootball

    Readfootball

Футболдан Испания чемпионатының 17-туры аясындағы «Реал Мадрид» командасы өз алаңында «Барселонаны» қабылдап, оңбай жеңілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.


Ойынның бірінші таймында гол соғылмады. «Барселонадан» 1 ойын аз өткізіп, 11 ұпай артта келе жатқан алаң иелері ойын басынан-ақ шабуылға лап қойды. Бірақ жоспарлы шабуылдарды жүзеге асырудың сәті түсе қоймады.


Ал қонақтар, керісінше, қорғана жүріп қолайлы сәтті аңдып отырды. Дәл сол қолайлы сәт 54-минутта келді. Қорғаныс шебінен доп алған Ракитич алаңның жартысын артта қалдырып, командаластарына нәтижелі шабуыл ұйымдастырып берді. Айып алаңының оң жақ төбесінен жарып кірген Серхи Роберто сол жақтан жалғыз ашылып келген Суареске дер кезінде доп беріп үлгерді. Ал уругвайлық форвард қақпашы Кейлор Навасқа ешқандай мүмкіндік қалдырмады, есеп - 0:1.


Араға он минут салып барселоналықтардың кезекті жоспарлы шабуылына «Реалдың» қорғанысы дайын болмай шықты. Ашық қақпаға бара жатқан допты алаң иелерінің оң қанаттағы қорғаушысы Даниэль Карвахаль қолымен қайтаруға мәжбүр болды. Іс жүзінде ойынның тағдыры осы жерде шешілді.


Ережені өрескел бұзған Латераль тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Ал пенальтиді Лионель Месси қатесіз орындап, есепті еселеді.


Шарасыз жағдайда қалған бапкер Зинедин Зидан қорғаныс шебіндегі саңылауды жабу үшін шабуылшы Кәрім Бенземаның орнына қорғаушы Начоны алаңға шығарды.


72-минутта Ковачич пен Каземироның орнына Бейл мен Асенсио ойынға қосылды. Бірақ бұл ойынға өзгеріс әкеле алмады. Орталық шептегі ойыншылардың кетуі «Барселонаның» толық үстемдік етуіне жол ашты. Оның үстіне қосымша үш минуттың соңында қонақтар үшінші голды соғып, «Реал Мадридтің» жеңілгенін ресми түрде «жариялады».


 





Көрілген: 685    Пікірлер: 0

сенбі, 23.12.2017, 21:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31