Футбол

Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан барлық команда белгілі болды

  •  Reuters©

     Reuters©

Футболдан Еуропаның клубтар арасындағы басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан барлық команда белгілі болды.


1/8 финалдағы соңғы ойындарда "Бавария" (Германия) сырт алаңда "Бешикташты" (Түркия) 3:1 есебімен ұтты. Қос ойын қорытындысы бойынша алсақ, мюнхендік команда бет қаратқан жоқ. Есеп 8:1.


Каталондық "Барселона" Лондонда "Челсимен" тең түсіп, өз алаңында қарсыластарын ойсырата жеңді. Ойында Лионель Месси дубль жасаса, Усман Дембеле "блауграна" сапындағы алғашқы голын соқты. Сондай-ақ аргентиналық сұрмергеннің Чемпиондар лигасында соққан голдар саны 100-ге жетті.


Сонымен ширек финалға шыққан 8 команда анықталды. Олар: "Барселона", "Реал" және "Севилья" (үшеуі де – Испания), "Ливерпуль" және "Манчестер Сити" (екеуі де – Англия), "Рома" және "Ювентус" (Италия), "Бавария" (Германия) командалары.


"Манчестер Юнайтед", "Тоттенхэм" және "Челси" (үшеуі де - Англия), "Порту" (Португалия), "Шахтер" (Украина), "Бешикташ" (Түркия), ПСЖ (Франция) және "Базель" (Швейцария) командалары жарысты 1/8 финалда аяқтады.


Чемпиондар лигасы ширек финалының жеребесі 16 наурыз күні өтеді. Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады. Бұл кезеңде бір елдің командалары да бір-біріне қарсылас атана береді. Алғашқы ойындар 3-4 сәуір күні, қарымта кездесулері араға бір апта салып өтеді. 


vesti.kz




Көрілген: 435    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.03.2018, 10:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30