Футбол

Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аяқталды

  • © Р-Спорт

    © Р-Спорт

Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аяқталып, плей-офф кезеңіне шыққан 16 команда белгілі болды.


Чемпиондар лигасы тарихында 1/8 финалға алғаш рет бір елден бес команда шығып отыр. Олар ағылшынның "Ливерпуль", "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед", "Тоттенхэм" және "Челси" клубтары. "Қызыл сойқандар" бұл жарысқа өткен маусымда Еуропа лигасын ұтып, жолдама алған еді.


Сонымен "Ливерпуль", "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед", "Тоттенхэм" (бәрі де - Англия), ПСЖ (Франция), "Рома" (Италия), "Барселона" (Испания) және "Бешикташ" (Түркия) командалары өз топтарында бірінші орынмен шықты. Ал "Базель" (Швейцария), "Бавария" (Германия), "Челси" (Англия), "Ювентус" (Италия), "Реал Мадрид", "Севилья" (екеуі де - Испания), "Шахтер" (Украина) мен "Порту" (Португалия) клубтары топтық кезеңді екінші орынмен түйіндеді.


Каталондық "Барселона" биылғы маусымдағы топтық кезең қорытындысы бойынша рекорд жаңартты. Олар 11 маусым қатарынан өз топтарында бірінші орынмен шығып отыр.


Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық жеребе тастау рәсімі 11 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Топтық кезеңде бірінші орын алған команда мен екінші орын алған командалар кездесетін болады. Бұл кезеңнің ойындары ақпан мен наурыз айларында өтеді.


Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің қорытындысы бойынша ЦСКА, "Спартак" (екеуі де - Ресей), "Селтик" (Шотландия), "Атлетико" (Испания), "Спортинг" (Португалия), "Наполи" (Италия), "РБ Лейпциг" және "Боруссия" Дортмунд (екеуі де – Германия) командалары Еуропа лигасының 1/16 финалына жолдама алды.


Түнде өткен E, F, G, H топтарындағы ойындар қорытындысы төмендегідей:


Е тобы


"Ливерпуль" (Англия) - "Спартак" (Ресей) – 7:0

Гол соққандар: Филиппе Коутиньо, 4 (пен),15, 50, Роберто Фирмино, 18, Садио Мане, 47, 76, Мохамед Салах, 86


"Марибор" (Словения) - "Севилья" (Испания) – 1:1

Гол соққандар: Маркос Таварес, 10 - Пауло Энрике Гансо, 75


F тобы


"Шахтер" (Украина) - "Манчестер Сити" (Англия) – 2:1

Гол соққандар: Бернард, 26, Исмаили, 32 - Серхио Агуэро, 90+2 (пен)


"Фейеноорд" (Нидерланд) - "Наполи" (Италия) – 2:1

Гол соққандар: Николай Йоргенсен, 33, Йерри Юсте, 90+1 - Петр Зелиньски, 2

Ойыннан қуылды - Тонни де Вильена, 83 («Фейеноорд»)


G тобы


"Порту" (Португалия) - "Монако" (Франция) – 5:2

Гол соққандар: Венсан Абубакар, 9, 33, Ясин Браими, 45, Алекс Теллес, 65, Тикиньо, 88 - Камил Глик, 61 (пен), Радамель Фалькао, 78

Ойыннан қуылды: Аугусто Фелипе, 38 - Рашид Геззаль, 38


"Лейпциг" (Германия) - "Бешикташ" (Түркия) – 1:2

Гол соққандар: Наби Кейта 87 - Альваро Негредо,10 (пен), Андерсон Талиска, 90

Ойыннан қуылды - Штефан Ильзанкер, 82 («Лейпциг»)


H тобы


"Тоттенхэм" (Англия) - АПОЭЛ (Кипр) – 3:0

Гол соққандар: Фернандо Льоренте, 20, Сон Хын Мин, 37, Жорж-Кевин Н'Куду, 80


"Реал" (Испания) - "Боруссия" (Дортмунд, Германия) – 3:2

Гол соққандар: Борха Майораль, 8, Криштиану Роналду, 12, Лукас Васкес, 81 - Пьер-Эмерик Обамеянг, 43, 48


 vesti.kz




Көрілген: 195    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 07.12.2017, 12:00

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31