Футбол

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан барлық командалар анықталды

  • © borman_b - LiveJournal

    © borman_b - LiveJournal

Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан барлық командалар белгілі болды. Бүгін Монакода жеребе тастау рәсімі өтеді.


Дүбірлі доп додасында ел намысын қорғаған "Астана" плей-офф кезеңінде сүрінді. Қос ойын қорытындысы бойынша Шотландияның "Селтик" командасына жол беріп алды. Нәтижесінде елордалық ұжым Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты.


Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан командалар анықталып қана қоймай, 32 команда себеттерге бөлініп те үлгерді.


1-себет: "Реал", "Бавария", "Челси", "Ювентус", "Бенфика", "Монако", "Спартак", "Шахтер".


2-себет: "Барселона", "Атлетико" Мадрид, ПСЖ, "Боруссия" Дортмунд, "Севилья", "Манчестер Сити", "Порту", "Манчестер Юнайтед".


3-себет: "Наполи", "Тоттенхэм Хотспур", "Базель", "Олимпиакос", "Андерлехт", "Рома", "Бешикташ", "Ливерпуль".


4-себет: "Фейеноорд", "Марибор", "РБ Лейпциг", ЦСКА, "Карабах", АПОЭЛ, "Спортинг", "Селтик".


Бүгін Монакода өтетін жеребе кезінде УЕФА нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы, жылдың үздік футболшы аруы, 2016/2017 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының үздіктері (қақпашы, қорғаушы, жартылай қорғаушы, шабуылшы) анықталатын болады.


Жеребе тастау рәсімі Астана уақытымен бүгін сағат 22:00-де басталады. Салтанатты шарадағы жеребе тартуға әйгілі италиялық футболшы Франческо Тотти мен украиналық Андрей Шевченко қатысады.


vesti.kz


 




Көрілген: 649    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.08.2017, 11:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31