Футбол

ЧЛ: "Реал" финалға шықты

  • © Getty Images

    © Getty Images

Мадридтік "Реал" "Атлетико" клубын екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіп, екінші рет қатарынан Чемпиондар лигасының финалына шықты, - деп хабарлайды Sports.ru.


"Висенте Кальдерон" стадионында өткен жартылай финалдық қарымта ойын 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. "Атлетико" командасынан Сауль Нигьес (12-ші минутта) және Антуан Гризманн (16-шы минутта) гол соқты. "Реал" сапында Иско 42-ші минутта қақпаны дәл көздеді.


Айта кетейік, командалар арасындағы бірінші ойында "корольдік клуб" 3:0 есебімен жеңіске жеткен. Осылайша, Зинедин Зиданның шәкірттері 4:2 есебімен турнирдің финалына шығып отыр.


"Реал" Чемпиондар лигасын екі рет жеңіп алған тұңғыш команда болуы мүмкін. "Корольдік клуб турнирдің финалына соңғы төрт жылда үш рет, ал жалпы тарихта 15 рет шыққан. "


"Реал" осыған дейінгі 14 финалдың 11-інде жеңіске жеткен, оның ішінде соңғылары мына жылдары болған: 1998, 2000, 2002, 2014 және 2016.


Кардиффте 3 маусымда өтетін финалда "Реал" туриндік "Ювентуспен" ездеседі. Бұған дейін қарсыластар Чемпиондар лигасының финалында кездескен еді. 1998 жылы мадридтік команда жеңіп, соңғы 32 жылда Еуропаның бас жүлдесін қанжығаға байлаған болатын.


 kaz.vesti.kz




Көрілген: 520    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.05.2017, 10:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30