Футбол

Дания құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады (видео)

  • © kaz.vesti.kz

    © kaz.vesti.kz

Футболдан әлем чемпионатының "С" тобындағы ойындар аяқталды. Саранскіде Дания құрамасы Перуді 1:0 есебімен ұтты.


Саранскідегі ойында көп гол соғылмаса да, жанкүйерлерді жалықтырған жоқ. Алма-кезек шабуылдармен өткен кездесу аса тартысты болды.


Бірінші таймда Перу құрамасының есепте алға шығуға зор мүмкіндігі болған. Алайда 45 минутта Кристиан Куэва пенальти соға алмады. Оның тепкен добы қақпадан биік кетті.


Перу құрамасы шабуылда ширақ ойнағанмен, гол соғу үшін сәттілік жетіспеді. Бірде қақпадан қиыс кетсе, бірде Каспер Шмейхельден шеберліктерін асыра алмады.


Ойында даттарға жеңіс сыйлаған голды 59 минутта Юссуф Поульсен соқты. Нәтижелі пасты Кристиан Эриксен шығарды.


Перуліктер ойын соңына дейін есепті теңестіру үшін жанталасқанмен, гол соға алмады. Нәтижесінде Дания құрамасының қоржынына 3 ұпай түсті.



Даттар әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстанмен бір топта болған еді. Отандастарымызды бір ойында 3:1, бір ойында 4:1 есебімен ұтқан.


Айта кетейік, бұл топтағы бірінші ойында Франция құрамасы Аустралияны 2:1 есебімен ұтқан еді.  


kaz.vesti.kz




Көрілген: 215    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.06.2018, 11:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30