Футбол

Дуглас пен Тайнан Еуропа біріншілігінде Ресей құрамасына қарсы кездесуге қатыспайды

  • Дуглас Жуниор. Сурет УЕФА-ның ресми сайтынан алынды.

    Дуглас Жуниор. Сурет УЕФА-ның ресми сайтынан алынды.

Футзалдан Қазақстан құрамасының көшбасшы ойыншылары Дуглас пен Тайнан Словенияда өтіп жатқан Еуропа біріншілігінің үшінші орын үшін Ресей құрамасына қарсы өтетін ойынға қатыспайды, деп жазады Vesti.kz порталы.


Рего Тайнан мен Дуглас Жуниор сары қағазды шектен тыс көп алып қоюына байланысты алдағы кездесуге қатыса алмайды. Иияпанияға қарсы өткен кездесуде бұл екі ойыншы да турнирдегі екінші сары қағаздарын алды. Ал турнир ережесі бойынша, екі сары қағаз алған ойыншы келесі матчқа қатыса алмайды.


Дуглас бұл турнирдегі бірінші сары қағазын топтық кезеңде "Польша" құрамасына қарсы өткен ойында (5:1) алса, Тайнан ширек финалда Сербия құрамасына қарсы матчта (3:1) алды.


Еске салайық, футзалдан Еуропа біріншілігінің жартылай финалында Қазақстан құрамасы Испаниямен кездесіп, негізгі уақытта 5:5 есебімен тең ойнаған еді. Бірақ матч соңындағы пенальтиде біздің құрама 3:1 есебімен жеңіліп қалды.


Енді Какау тәлімгерлері қола жүлде үшін Ресей құрамасына қарсы ойнайды. Бұл кездесу 10-ақпан күні өтеді.


 




Көрілген: 317    Пікірлер: 0

жұма, 09.02.2018, 13:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31