Футбол

Еурокубоктарда ел намысын қорғайтын үш клуб белгілі болды

  • © Viasat

    © Viasat

 Қазақстан біріншілігінің аяқталуына үш тур қалғанда келер маусымда Еурокубоктық додаларда ел намысын қорғайтын үш клуб белгілі болды, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.


Келер маусымда Еуропа алаңдарында шымкенттік "Ордабасы", алматылық "Қайрат" және елордалық "Астана" клубтары ойнайды. Ал төртінші жолдама "Ертіс" (41), "Тобыл" (40), "Шахтер"(36), "Қайсар" (35) немесе "Атырау" (32) клубтарының біріне бұйыруы мүмкін.


Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 30 турында "Ордабасы" өз тарихында бірінші рет қола жүлдегер атанып, енді келер жылы шымкенттік команда Еуропа лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.


Ал Чемпиондар лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік беретін ел біріншілігінің алтын жүлдесі кімге бұйыратыны әлі белгісіз болып тұр. Қазіргі уақытта турнир кестесін 73 жинаған "Астана" бастап тұрса, 69 ұпайы бар "Қайрат" екінші орынға жайғасқан. Бірақ алматылық клубтың бір ойыны артық.


vesti.kz


 




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.10.2017, 11:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31