Футбол

Еуропа чемпионаты: Футзалдан Қазақстан-Ресей матчын қай арнадан көрсетіледі

  • © Телеграф

    © Телеграф

Бүгін футзалдан 2018 жылғы Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің қорытынды матчтары өтеді. Бразилиялық бапкер Какау бастаған Қазақстан құрамасы Ресеймен кездеседі, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.


Еске сала кетейік, футзалдан биылғы Еуропа чемпионаты Словения астанасы Любляна қаласында өтіп жатыр.


Онда Қазақстан құрамасы Польша және Ресеймен бірге «В» тобына түскен. Топтың алғашқы кездесуінде қазақстандық жігіттер польшалықтарды 5:1 есебімен талқандады. Сол ойында голдарды Тайнан, Оразов, Жаманқұлов, Першин және Дуглас бір-біреуден өз есебіне жазып қойған болатын.


Ал ресейлік ұжым Польшамен 1:1 есебін тіркеді. Осы тең ойын біздің құрамаға турнирдің ширек финалына шығуына жол ашты.


Дегенмен, Какау шәкірттері топты бірінші орынмен қорытындылау үшін Ресейді де жеңуге бел буып отыр.


Өйткені жартылай финалда «В» тобының үздігі 1/4 финалдағы «А» тобының екінші командасымен шықпақ. Бұл топта плей-офф жолдамасына Словения, Италия және Сербия құрамалары қызу таласып жатыр.


Атап айтқанда, Словения сербиялықтармен 2:2 есебін тіркеді. Сербияны, тіпті италиялық ұжым да жеңе алмады - 1:1.


«Хабар» арнасында Қазақстан-Ресей матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 23:00-де басталады.


ҚазАқпарат


 




Көрілген: 398    Пікірлер: 0

сенбі, 03.02.2018, 14:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31