Футбол

ФИФА 2017 жылдың үздік футболшысын анықтады

  • © Sports.ru

    © Sports.ru

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың бас бапкері мен команда капитандарының 2017 жылдың ең үздік футболшыны анықтауда кімдерге дауыс бергенін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


The Best премиясының салтанатты рәсімі Лондондағы "Палладиум" театрында өтті. Ең үздік футболшы "Реал" клубының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду атанды. Бұл таласта ол "Барселона" клубының сұрмергені Лионель Мессиді және француздық "ПСЖ" клубына жаңадан ауысқан бразилиялық Неймарды басып озды.


Қазақстанның атынан дауыс беруге Александр Бородюк және Бауыржан Исламхан қатысты. Қазақстан құрамасының бас бапкері 2017 жылдың ең үздік футболшысы деп Мессиді таңдаған. Екінші орынға ол Роналдуды қойды, ал үшінші орынға "Реал" жартылай қорғаушысы Тони Кросты таңдады.


Исламханның таңдауы мынадай: Месси (1), Роналду (2) және Андрес Иньеста (3).


Сонымен қатар Бородюк пен Исламхан 2016 жылы ең үздік бапкерді таңдауға да ат салысты. Бұл сайыста Француз маманы Зинедин Зидан үздік атанды. Оның бастамасымен "Реал" Испания чемпионатын, Чемпиондар лигасын, УЕФА суперкубогін және Испания суперкубогін ұтып алды.


Бородюк үздік бапкер ретінде былайша дауыс берді: Карло Анчелотти (1), Зинедин Зидан (2), Йохим Лев (3)


Исламхан үздік бапкер ретінде мыналарды таңдады: Зинедин Зидан (1), "Хосепу Хвардиола (2) және Антонио Конте (3).


 




Көрілген: 708    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.10.2017, 12:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30