Футбол

ФИФА жаңа турнир ойлап табуға ниетті

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) жаңа турнир ойлап табуға ниетті. Бұл туралы Lenta.ru порталы 101 Great Goals басылымына сілтеме жасап хабарлайды.


Басылымның мәліметі бойынша, жаңа турнир "Әлемдік лига" деп аталып, жолдастық кездесулер мен Еуропа футбол одағы (УЕФА) ұсынып отырған Ұлттар нациясының орнын басуы мүмкін.


ФИФА-ның ұсыныс бойынша, турнир жыл бойы өтеді. Ал қатысатын елдер ФИФА рейтингіне байланысты үш дивизионға бөлінеді.


Бірақ ФИФА-ның мұндай ұсынысын Аргентина және Бразилия футбол федерациялары қарсы болып отыр. Олардың пікірінше, бұл турнир латынамерикалық елдерге Еуропаның мықты деген құрамаларына қарсы кездесу өткізу мүмкіндігін төмендетеді.


Айта кетейік, 2018 жылы тұсауы кесілетін Ұлттар лигасы турниріне Еуропаның 55 құрамалары қатысады. Ұжымдар УЕФА рейтингіне байланысты А,В,С және D деп төрт топқа бөлінеді. Әр дивизионда төрт топтан болады.


Ұлттар лигасының жеребесі 2018 жылдың 24 қаңтарында тартылады. Бұл турнирде 2020 жылы өтетін Еуропа біріншілігіне төрт жолдама сарапқа салынады.


 vesti.kz




Көрілген: 313    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 30.10.2017, 21:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31