Футбол

Футбол клубының президенті матч кезінде журналисті ұрып тастады

  • Футбол клубының президенті матч кезінде журналисті ұрып тастады

    Футбол клубының президенті матч кезінде журналисті ұрып тастады

Швейцариялық «Сьон» футбол клубының президенті Кристиан Константин журналист, Швейцария құрамасының бұрынғы бапкері Рольф Фрингерді матч кезінде ұрып тастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.


Келеңсіз жәйттің видеосы Mr.Oli-дің Твиттер парақшасында жарияланған.


Blick басылымының ақпаратынша, оқиға Швйцария чемпионаты аясында «Лугано» мен «Сьон» арасында өткен ойын кезінде болыпты. Константин журналиске тап беріп, оны бірнеше рет ұрған. Бейнежазбада оқиғаның тек соңғы жағы көрсетіледі.


Клуб президентінің мұндай әрекетіне журналистің оған қатысты айтқан сыны себеп болған. Фрингер Константинді «өркөкірек, өзімшіл адам» деп айыптаған.


«Фрингер мені сынға алды. Мен де сазайын тартқыздым. Әрине, бұл клуб президентіне жараспайтын қылық, бірақ сізге біреу тиіссе, сіз де қарап қалмауыңыз керек», - дейді Константин.


Таяқ жеген журналист сотқа шағымданатынын мәлімдеді, ал Швейцария футбол одағы Константинге қатысты іс қозғады.


baq.kz


 


 




Көрілген: 673    Пікірлер: 0

жұма, 22.09.2017, 20:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31