Футбол

Футболдан Қазақстан құрамасы Болгариядан жеңілді

  • Футболдан Қазақстан құрамасы Болгариядан жеңілді

    Футболдан Қазақстан құрамасы Болгариядан жеңілді

Футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Болгариядан жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ойын венгрдің Фельчута қаласындағы "Панчо Арена" стадионында өтті, есеп - 1:2. Венгрияға қарсы ойынмен салыстырғанда Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов негізгі құрамда екі өзгеріс енгізді: негізгі қақпашының орнын Владимир Плотников алса, сол қапталдағы қорғаушы ретінде алаңға Гафуржан Сүйімбаев шықты. Бірінші таймда бір гол соғылды. Оны 24-ші минутта болгар капитаны Ивелин Попов он бір метрлік айып добын орындап, салды. Бұл кезде Гафуржан Сүйімбаев Станислав Манолевке қарсы ойын ережесін бұзған еді. Үзілісте Стойлов екі рет ойыншы ауыстырды, олардың бірі нәтижелі болды. 55-ші минутта Еркебұлан Тұңғышбаев есепті теңестірді, ал мұның алдында Роман Мұртазаевтың соққысы қақпа бағанасына тиген болатын. Соғылған голдан кейін де Қазақстан құрамасы тоқтамай, ойында басымдық танытты. Гол соғатын мүмкіндік Мұртазаевта болған - ол асқан жылдамдықпен қарсыласынан озса да, дәл соққы жасай алмады. Алайда матч Болгарияның жеңісімен аяқталды. Соңғы секундтарда Тұңғышбаев ереже бұзып, айып добы белгіленген, оны қарсылас команданың ойыншысы Николай Бодуров сәтті орындап, гол соғып кетті. Еске салайық, 23 наурызда Қазақстан құрамасы Будапеште өткен жолдастық кездесуде Венгрияны 3:2 есебімен жеңген еді. Сол матч екі жылға келісімшарт жасасқан Стойловтың ұлттық құрама жетекшілігіндегі алғашқы кездесуі еді.

 




Көрілген: 195    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.03.2018, 09:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30